Жылумен жабдықтау объектілерін қаржыландыру депутаттардың бақылауында
06.11.2019
Сәрсенбек Жүнісовтің төрағалығымен өткен тұрақты комиссия отырысы кезінде 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет жобасында, жылдан жылға кешіктіріліп келе жатқан жылумен жабдықтау объектілеріне қаражат бөлу мәселесі қарастырылғанын мәслихат депутаттары анықтады.
Бүгінде елордадағы жылу және коммуналдық шаруашылық мәселесі өзекті тақырып болып отыр. Отын-энергетика кешені және Коммуналдық шаруашылық басқармасы, барлық қаржылық өтінімдері қанағаттандырылғанына қарамастан, талқылау барысында қалада басталған ірі жобалардың барлығы аяқталмайтыны анықталды.
Үш жылдық кезеңде ведомствоға 93,1 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылы – 45,2 млрд. теңге.
Ең алдымен, халық қалаулылары бюджет жобасында дамудың кешенді жоспары аясында салынған нысандарды энергетикалық іс-шаралармен қамтамасыз ету ескерілгенін сұрады.
- Бюджет жобасында 6,6. млрд теңге қарастырылған – бұл Кешенді даму жоспарының жобаларына арналған мақсатты трансферттер. Биылғы жылы аяқталатын жобалардың бір бөлігі бар, басқаларын жаңарту келесі жылға жоспарланған, - деді Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл.
Алайда, басталған жобалар бар, олардың аяқталу мерзімі әлі белгісіз. Депутат Зейнолла Шибкеновтың айтуынша, "Өндіріс" және "Кирпичный" тұрғын алаптарында келесі жылы трансформаторлық қосалқы станцияларды қайта жаңартуды бастау керек болатын, бірақ қазір бюджет жобасында бұл шығындар ескерілмеген. Ол кезде сөз 500. млн теңге туралы айтылған болатын.
- Мәселе "Өндіріс" тұрғын алабындағы егжей-тегжейлі жобалау жоспарына келіп тіреледі. Осы жоспар бойынша бұл аумақ өнеркәсіптік сектор аймағына кіреді. Қазір қалалық архитектурамен келісуді талап ететін бірнеше мәселелер бар. Бұл өнеркәсіптік мақсаттағы аумақ бола ма немесе көп пәтерлі, әлде жеке тұрғын үйлер салына ма?" - деп атап өтті Ернат Бәзіл.
Алайда, ол энергетикалық желілер бойынша жоба "Қазбек" қосалқы станциясынан аяғына дейін жеткізіледі деп сендірді. Міне, осы қосалқы станцияның құрылысы 2010 жылы басталып, кейін мердігерге қылмыстық іс қозғалуына байланысты тоқтатылды. Құрылыс осы күнге дейін аяқталған жоқ.
- Келесі жылы "Қазбек" ҚС бойынша ақша салынған, егер осы жылы барлық сот ауыртпалықтарын аяқтасақ, келесі жылы оны іске асыруға кірісеміз. Осылайша, тұрғын үй массивіндегі электр қуаты мәселесі шешіледі. Кәріз және су құбыры желілері бойынша мәселе егжей - тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеуді ескере отырып ғана шешіледі, - деп мәлімдеді ведомство басшысы.
"Үркер" тұрғын алабындағы инженерлік желілердің құрылысы бойынша ұзаққа созылған жобаның жағдайы қалай деп, депутат Мирас Шекенов сұрақ қойды. Бұл жерде мәселе мердігерде болды, ол жобаның үшінші кезегі бойынша барлық ақшаны игере алмады.
Ең өзекті мәселе - ЖЭО-3 пайдалануға беру болды, ол туралы депутат Еркеғали Есенжолов бірнеше рет айтқан болатын. Халық қалаулылары осы ірі жобаларды аяқтауға республикалық бюджеттен қаржыландыру ұсынысымен шығуды ұсынды, әйтпесе жағдай өзгермейді.
Халық қалаулылары осы ірі жобаларды республикалық бюджеттен аяқтауға қаржыландыруды сұрады, әйтпесе жағдай өзгермейді.
Тұрақты комиссияның отырысы кезінде Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасына үш жылдық кезеңге ақшалай қаражат бөлу қаралды. Оған үш жылға 14,8 млрд. теңге, оның ішінде 2020 жылға 4,3 млрд. теңге қарастырылған.
Талқылау барысында депутаттар қаладағы веложол құрылысы және Сарыбұлақ өзенінің арнасын абаттандыру мәселелерін қозғады. Айта кетерлігі, ведомствода келесі жылы 30-40 км. жуық веложол құрылысын жалғастыруға 2 млрд. теңге бөлу көзделуде. Бұл мақсатқа арналған ақшаны бюджетті нақтылау кезінде сұрату жоспарланып отыр.