Білім беру саласының бюджеті толық көлемде қолдау тапты
04.11.2019
Елордалық мәслихатта 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджетті талқылау жалғасуда.
Әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы кезінде мәслихат депутаттары қаланың білім, мәдениет және спорт басқармаларына қаражат бөлуді қарастырды. Айта кету керек, алдағы жылы білім беру саласында бюджет толық көлемде қолдау тапты. Келесі жылы қаржыландырудың жалпы сомасы 114,9 млрд теңгені құрады, оның 33,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен бөлінді.
- 214 жеке меншік және 94 мемлекеттік балабақша үшін, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік мектептер үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бюджет толық көлемде қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындарына қаражат бөлінді. Осылайша, 12 ЖОО - ға аз қамтылған отбасы санатындағы балаларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндік туды, - деп нақтылады Білім басқармасы басшысының м.а. Гүлжан Айтжанова.
Ол сондай-ақ, басқармаға бес білім беру мекемесін күрделі жөндеуге 1 млрд теңге көлемінде қаражат көзделгенін атап өтті. Бұл нысандар бойынша мемлекеттік сараптамасы бар жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Тағы бірнеше нысан мемлекеттік сараптамада тұр, оның оң қорытындысы бойынша ведомство бюджетті келесі нақтылауға бюджеттік өтініммен шығуға ниетті. Бұдан басқа, жұмыс сметасы жасалған балабақшалардағы шағын сәулет нысандарын ауыстыруға және жөндеуге қаражат бөлінеді.
Мәслихат депутаттары тұрғын үй алабында мектептер мен балабақшаларды жөндеу мен салуға қаржы бөлінгенін сұрады. Білім басқармасында биыл №26 және №43 мектепке дейінгі екі мекемеде жөндеу жұмыстары аяқталғанын, әрқайсысы 600 орындық №12, №23 және №34 үш мектептің құрылысы жоспарланғанын хабарлады.
- Бүгінгі күні балабақшаларға 10 мың орынға қажеттілік бар, бірақ балалардың қатысуын табелдеудің электрондық жүйесін енгізумен биылғы жылы 214 млн теңгеге жуық қаражат үнемделді. Осының есебінен біз мемлекеттік тапсырысты көп орынға орналастыра аламыз, - деп түсіндірді Гүлжан Айтжанова.
Мәдениет және спорт басқармасы келесі үш жылға 38,6 млрд теңге, оның 13,2 млрд теңгесі 2020 жылға қарастырылған. Ведомствода атап өткендей, 2019 жылмен салыстырғанда бюджет 40% - ға азайған.
Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов қосымша қаржыландыруды қажет ететін мәселелерге ерекше назар аударды. Ведомство тиісті өтініммен жақын арадағы бюджетті нақтылау кезінде шығуды жоспарлайды.
Басқарма басшысы келер жылы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында Отан Қорғаушылар Монументін жөндеу жоспарланғандығын хабарлады.
- 9 мамырға дейін ағымдағы жөндеу жүргізу қажет. Оған 290 млн теңге қажет, - деді басқарма басшысы
Депутаттар монументті жөндеуге қаражат бөлуді қолдауды ұсынды және Мәдениет және спорт басқармасына жұмыс сметасын, бюджеттік өтінімді дайындап Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынуды тапсырды. Бұдан басқа, Триумфалды арканың жер асты өткелін, қалалық кітапханаларды және "Жастар" театры ғимаратын қайта жаңартуға және жөндеуге қаражат қажет.
Халық қалаулылары Мәдениет және спорт басқармасына тұрғын үй массивтерінде бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлуді, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдардың бассейндерге баруына қолайлы жағдайлар жасау үшін нұсқаларды ойлауды ұсынды.