Елорданың даму индикаторларын мәслихат депутаттарымен келісті
31.10.2019
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әкімдік 2021-2025 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамытудың жаңа Бағдарламасын әзірлеуге кірісті. ҚР Ұлттық экономика Министрлігімен бірлесіп бағдарламаның жаңа тәсілдері пысықталуда, индикаторлар анықталады. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде депутаттар елорданың бұрынғы индикаторлары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізілгенін анықтады.
Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Манқараевтың айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі көрсеткіштердің жаңа тізімін қабылдады, ол жартысына, яғни - 81 көрсеткіштен 40-қа дейін қысқартылды. Бұл аумақты дамыту Бағдарламасын жетілдіруге мүмкіндік береді. Дәл осы индикаторлардың негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әкімдік қызметінің тиімділігіне баға береді. Өзгерістер елорданың атын өзгертумен байланысты.
- Нәтижесінде аумақты дамыту Бағдарламасы индикаторларының саны 121-ден 54-ке дейін азайды, оның ішінде 40-ы базалық индикаторлар тізбесіне кіреді, олар бағдарламаға енгізу үшін міндетті, ал қалған 14-і министрліктер ұсынған. 54 индикатордың 10-ы ғана түзетілді, - деп нақтылады Қайсар Манқараев.
Бұдан бұрын болмаған бағдарламаның жаңа индикаторларына келер болсақ, басқарма басшысы олардың тоғызы 2025 жылға дейін қабылданған Қазақстан Республикасының мақсаттары мен стратегиялық жоспарына қол жеткізуге бағытталған негізгі Ұлттық индикаторлардың стратегиялық картасына жататынын, ал жергілікті қамтудың екі жаңа индикаторы Жол картасын орындау үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұсынымы бойынша енгізілгенін атап өтті.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде екі индикатор енгізілді-ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі. Бұдан басқа, әлеуметтік-бағытталған мәдени және креативті қала бағыты бойынша жаңа базалық тізбенің бес индикаторы, сондай - ақ қалада жайлы тұруға жағдай жасау аясында-төрт индикатор енгізілді.
- Жыл сайын Президент Әкімшілігі әкімдік қызметінің тиімділігіне, оның ішінде мақсаттарға қол жеткізу бағыты шеңберінде аумақтарды дамыту Бағдарламасы бойынша бағалау жүргізетінін атап өткім келеді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша қала әкімдігі еліміздің өңірлері арасында 2 орынға ие болып, үздік нәтижелердің бірін көрсетті. 2017 жылмен салыстырғанда қол жеткізілген мақсаттар үлесі 27% - дан 46% - ға артты. Индикаторлар үлесі 77% - дан 86% - ға дейін толық көлемде орындалды. Бұдан басқа, игерілмеген индикаторлар санының 19 - дан 9-ға дейін төмендегені байқалды, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Кезектен тыс сессия кезінде депутаттар Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының 12 білім беру мекемесіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың есімін беру туралы ұсынысын қолдады. Олардың ішінде Жұмабек Тәшенев, Ахмет Байтұрсынұлы, Бейімбет Майлин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Ілияс Жансүгіров, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейхан, Сәкен Сейфуллин т.б. бар.
Сонымен қатар, халық қалаулылары мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін иеліктен шығару туралы келісім-шарт жобаларын бекітті. Көп салалы аурухана құрылысы, Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту және абаттандыру, С189 және С745 көшелерінің қиылысында орналасқан Асан Қайғы көшесі мен саябақ құрылысы үшін төрт учаске туралы сөз болды.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары "Нұрлы жер" Мемлекеттік бағдарламасының авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобасын іске асыру аясында қала әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының құрамын, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және олардың шекті бөлшек бағасының мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияны келісті. Күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды.
Сессия жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин, қала аудандарының әкімдері, елордалық ведомстволардың басшылары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.