Елордалық мәслихатта жастарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мәселесі қаралды.
04.10.2019
Елордалық мәслихатта заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның "Нұр-Сұлтан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне шақыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы" күн тәртібімен отырысы өтті.
Осы мәселе бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті басшысының міндетін атқарушы Айдын Сағынбеков және Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғау бөлімінің басшысы Руслан Ормағанбетов баяндама жасап, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мерзімді әскери қызметке шақыру үшін 62 783 азамат жергілікті әскери базаның есебінде тұрғанын атап кетті.
Ағымдағы жылы он сегіз жасқа толған 5 815 азамат тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 403 адамға артты. Азаматтық тұлғаларды мерзімді әскери қызметке шақыруға келетін болсақ, осы жылдың көктемінде Қорғаныс министрлігі 816 адамды шақыруды жоспарлап отыр, алайда 826 азамат қарулы күштер қатарына және басқа да әскерлерге жіберілді. Айта кету керек, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Мысалы, өткен жылдың көктемінде 794 адам шақырылды. 2013 жылы тек 899 адам әскери қызмет атқару үшін шақыру қағазын алды. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 749 адамға ұлғайды. Осы жылдың күзінде 779 адам шақыру қағазын алды. Қазіргі уақытта 153 азамат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарулы Күштеріне әскери қызмет атқару үшін шақырылған. Әскери қызметке деген қызығушылықты қолдау үшін өскелең ұрпақ арасында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мемлекет басшысы - Елбасы Жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар аясында елорданың 99 оқу орнында 66 "Жас сарбаз" сыныбы өз қызметін атқарады және қатысушылардың жалпы саны – 5648 құрайды . Сонымен қатар, жетістіктермен қатар ұйымдастыру мәселелеріндегі кемшіліктер де атап өтілді. Шақыру кезеңінде ең маңызды мәселелердің бірі шақырылушы азаматтардың мекенжайларын тіркеу болып табылады. Осыған байланысты әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды іздестіру және келу үшін дербес шақыру қағаздарын тарату жөніндегі комиссияның жұмысы күрделене түсуде. Біз бұл мәселені SMS-таратуды іске қосу арқылы шешкіміз келеді", - деп атап өтті қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілі Айдын Сағынбеков.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғау бөлімінің басшысы Руслан Ормағанбетов өз сөзінде азаматтарды әскерге шақыруды ұйымдастыру үшін жалпы міндетті орындау мақсатында қала әкімдігі мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттік қаражат бөлінгенін атап өтті. Азаматтарды әскери қызметке шақыру жөніндегі жұмыстардың сапасын арттыру үшін барлық жергілікті әскери басқару органдары қажетті объектілермен және жабдықтармен қамтамасыз етілген. Отырыстың күн тәртібін талқылау барысында мәслихат депутаттары аудандық шақыру пункттерін құру мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді және осы бағыттағы жұмыстардың жағдайын сұрады. Сондай-ақ, депутаттар әскерге шақырылушылардың тамақтану мәселесін сұрап, бір күн бойы бір рет тамақтанатындығына уәж айтты. Жастар денсаулығының жағдайына алаңдаушылық білдірген халық қалаулылары осы мәселені шешуді талап етті. Отырыста қалалық мәслихат депутаттары шақырылушыларды тамақтандыру, қаржыландыру және жабдықтау мәселелерін талқылады, сондай-ақ алдағы үш жылға арналған бюджетті жоспарлау іске асыру сатысында екенін атап өтті және бағдарлама әкімшісін бюджеттік өтінімдерді беруді жеделдетуге шақырды. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы тиісті ұсыныстармен қаулы шығарды. Комиссия жұмысына мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы Аман Аюпов, "Алматы", "Байқоңыр", "Есіл", "Сарыарқа" аудандары әкімдерінің орынбасарлары және қалалық департаменттер мен басқармалардың басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.