Мәслихаттың кезекті сессиясында жастар саясаты мәселелері талқыланды
26.09.2019
26 қыркүйекте Қайырлы Тәукеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті 55-ші сессиясының отырысы өтті.
Депутаттар алдында "Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі атқарушы органның жұмысы туралы" мәселені баяндай отырып, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Абайұлы Рахманберді баяндама жасады.
Спикердің ақпараты бойынша, елорда жастарымен жүйелі жұмыс қажетті инфрақұрылым құрудан бастап, сапалы білім беру мен Қолжетімді тұрғын үй мәселесін қамтамасыз ету мәселелеріне дейін 11 негізгі бағыт бойынша белгіленген. Тек "Нұр-Сұлтан Жастары 2019" Жастар жылын жүзеге асыру жөніндегі жол картасында 130-дан астам жобаны іске асыру қарастырылған, деп атап өтті Талғат Абайұлы. Сондай-ақ басқарма басшысы баяндамасында сапалы білім алу үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтіп, қалада "мектеп кезеңінен бастап кәсіби кадрларды даярлау үшін барлық инфрақұрылым қалыптастырылғанын" айтты.
Білім алушы жастардың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі идеялармен елорданың депутаттық корпусы атынан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов сөз сөйледі. Атап айтқанда, ол жол жүру құны екі есе төмендетілетін студенттік жол жүру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және Еуразия университетінің тәжірибесі негізінде білім алушыларды, қолданушыларының тыныс-тіршілігін мониторингілеу үшін құрал болып табылатын студенттік картамен қамтамасыз етуді ұсынды. Сөз соңында ЕҰУ ректоры өз пікірінше, өскелең ұрпақ арасында суицид санын азайтуға көмектесетін 24/7 режимінде танымал платформаларда психологиялық көмек көрсету қызметін құру туралы ойымен бөлісті.
Жарыссөз барысында депутат Қарақат Абден негізгі баяндамашыдан астана жастары үшін тегін коворкинг орталығын ашу мүмкіндігі қарастырыла ма және қандай мерзімде қаралатынын сұрады. Басқарма басшысы ағымдағы жылдың соңына дейін мұндай жастар орталығы қала шегінде ұйымдастырылатынын және онда қызметтер мүлдем тегін көрсетілетіндігін айтты.
Содан кейін халық қалаулыларының қызу реакциясы аула клубтарының тағдыры мен оларды дамыту жөніндегі анонсталған тұжырымдаманы тудырды. Жарыссөзден кейін депутаттар 2020 жылға арналған қалалық бюджетті бекіткенге дейін аула клубтарын дамыту мәселесін жеке отырыста қарастыру туралы шешім қабылдады. Негізгі баяндаманы талқылау кезінде депутаттар оқу орындарына түскеннен кейін жетімдер ұмытылғанына, көп балалы жас аналармен іс-шаралар шеңбері анықталмауына, елорда шетіндегі жастармен жұмыс істеу бойынша мәлімделген бағдарламалар жұмыс істемеуіне назар аударды. Бұл мәселелер қалалық мәслихат депутаттарының пікірінше, шұғыл араласуды және шаралар қабылдауды талап етеді.
Сондай-ақ депутаттарда бірқатар тіркелген салық ставкаларын өзгерту мәселесі қызу талқыланды. Баяндамашы - қалалық Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаевтің ақпараты бойынша, жүргізілген зерттеулер мен хронометраждарға сәйкес боулинг саласындағы бизнес үшін тіркелген ставкаларды 70-тен 30 АЕК-ке дейін азайту қажеттілігі бар. Сонымен қатар, жан-жақты мониторинг жүргізілгеннен кейін айырбастау пункттері саласындағы бизнес үшін ставканы арттыру мүмкіндігі бар, мұнда 70 АЕК дейін арттыру ұсынылды. Талқылау қорытындысы бойынша өзгерістер көпшілік дауыспен қабылданды.
Бұдан әрі кезекті сессия шеңберінде жер учаскелерін алып қою жобалары, Ведомствоаралық комиссия құрамындағы кадрлық өзгерістер, мәслихаттың алдыңғы шешімдеріне өзгерістер енгізу, қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қабылданды. Келесі кезекті сессияның қарауына енгізілетін мәселелер тізімі, сондай-ақ қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы төрағасының кандидатурасы бірауыздан бекітілді.
55-ші кезекті сессияның жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Қизатов Ермек Әнуарбекұлы, аудан әкімдері, қалалық басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.