Қоғамдық тыңдауларға дайындық аясында қалалық нысандарды аралау
28.08.2019
А.ж. 4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты төмендегі мәселелер бойынша қоғамдық тыңдалымдар өткізуді жоспарлауда: "Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органның ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі жұмысы туралы". Тыңдалымдарға дайындық аясында депутаттар "Астана Зеленстрой" АҚ және "Астана орманы" ЖШС -нің коммуналдық нысандарында болып қайтты.
Іс-сапар "Астана Зеленстрой" АҚ шаруашылығымен таныстырудан басталды. Ұйым жетекшілері депутаттарды жылыжайларға, көлік аулаларына және қалған аймақтарға апарып, соңғы үш жылдың қорытынды сараптамаларымен таныстырды. Жасыл шаруашылықтың өкілдерінің сөзіне сенсек, ұйымдағы көрсеткіштердің барлығы құлдырап төмен түсуде, солайша, мемлекеттік тапсырыстар азайып, штат қысқартылып, соған сәйкес кіріс те төмендеп кеткен. Қабылдаушы тараптың пікірінше, астананы көгалдандыру ұйымдарына орта және шағын кәсіпкерлерді біріктіру қаламызға тек зиян мен зардап алып келген. Яғни, мамандандырылмаған қызмет көрсету, бағынышты аймақтардағы өсімдіктер дүниесінің жеткіліксіз немесе бұрыс химиялық қайта өңделуі, нормативтердің орындалмауы және т.б. Жасыл құрылыстың қызметкерлері сонымен бірге тендер өткізудегі техникалық сипаттамалардың жүйесіздігіне де шағымдарын айтты. Соның салдарынан көгалдандыру жұмыстарымен сауаты төмен атқарушылар айналысуда.
Депутаттар қаладағы көгалдандыруға қатысты мәселелерге толықтай келісіп, әсіресе, соңғы жылдардағы саябақтардағы төселген тастарды жарып шығып жатқан арамшөптер, суарудың жоқтығы және т.б. проблемаларды жоққа шығармады. Сонымен қатар қонақтар мәселенің қаржылық жағына да қызығушылықтарын танытты. Әсіресе, ӘКК жұмысының сапасы бөлігінде-қаржылық құюға, модернизацияға баса көңіл аударды.
"Астана Зеленстрой" АҚ басшыларының айтуынша, ӘКК енгізуге ұйым осы жылдың жаз маусымының басында кіріскен, осы қысқа мерзім ішінде "Астана Зеленстрой" ЖШС нен "Астана Зеленстрой" АҚ қайта тіркеу жұмысы басталып", жерді игеру жұмыстары жүргізілді, техникалық модернизация жоспарлануда.
Сапар барысында мемлекеттік сатып алуларға, қаланың жасыл қорын сақтап қалу үшін өткізілетін көгалдандыру шараларына, ұйымның кірістік бөліміне, мамандандырылған, білімді келер ұрпаққа тәрбие беру сынды сұрақтар көтеріліп, талқыланды. Өз кезегінде, "Зеленстрой" басшылығы қалалық мәслихат депутаттарына техникалық су құбырларын салу мәселесін қайта қарауды ұсынды. Бұл қаламыздың көгалын суғаруға көмектесер еді. Кездесудің соңында депутаттар күтіліп отырған қоғамдық тыңдалымдарға дайындалып, ұйымның жұмыстарын, ӘКК шараларын зерделеп, сараптап, осы саладағы халықаралық тәжірибені де назардан тыс қалдырмауды тапсырды.
"Астана Зеленстрой" АҚ-нан кейін қызметкерлер тобы "Астана орманы" ЖШС-не ат басын бұрды. Мұнда да келушілер назарына шаруашылық пен қаланың жасыл бедерлері ұсынылды. Сапар барысында депутаттар "Астана орманы" басшылығымен ақмола жазығындағы қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар отырғызу, "жасыл бедердің" жай-күйін талқылады. "Астана орманы" өкілінің айтуынша, өсімдіктің барлық түрі тек ғылыми-зерттеу институтының барлық қажетті шаралар мен сараптамаларды жасағанынан соң ғана отырғызылады. Қала аймағындағы 2001 жылдан бергі тұзданудың басталуына қарамастан, 14.000 г-дан астам жерге ағаштар мен бұталар өсірілген.
Жалпы ақпараттан бөлек, депутаттар елорданы "жасыл бедермен" көмкеру жұмыстары қандай әсер беріп жатқанын да сұрады. "Астана орманы" өкілінің сөзінше, алғашқы жұмыстар 1998-жылдан 2004-жылға дейін өткізілген, бүгінде отырғызылған ағаштардың астана климатына әсеріне қатысты нақты сандық ақпараттар бар. Қазгидрометтің хабарлауынша, шаң бұрқасындары 15-тен 5-ке дейінгі жылдық көрсеткішке төмендесе, боран және тұманды ауа-райының да жиілігі төмендеп, керісінше, ылғалдылық артқан.
Нысанмен таныстыруды аяқтаған соң, депутаттар қала аймағындағы орман-тоғайлардағы жан-жануарлар әлеміне қатысты сұрақтарға оралды. Әсіресе, қырғауылдарды орналастыру және қырғауылдар қалпына келтіру мәселесі қызықтырды. Жұмыс сапары барысында айтылған барлық мәселелер а.ж. 4 қыркүйегінде қалалық мәслихаттың қабырғасында жария тыңдауларда тыңдалып, талқыланатын болады.