Астана қаласының қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті
23.02.2016
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының жетекшісі, Астана қаласы мәслихатының хатшысы С.С.Есіловтың төрағалық етуімен Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті.
Жұмыс тобының жетекшісі айтқандай «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережеге сәйкес қала мәслихаты Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру мен бекіту бойынша қажетті іс-шараларды өткізді. Жұмыс тобы баламалы негізде ұсынылған 61 кандидатурадан Қоғамдық кеңестің 25 мүшесін тандады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» заңға сәйкесотырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылған мемлекеттік органның басшысы, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 13-бабын басшылыққа ала отырып, Қоғамдық кеңестің бірінші отырысының қарауына үш мәселе шығарылды. Бұл Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің төрағасын, хатшысын жәнетөралқасын сайлау.
Қоғамдық кеңес мүшесі Н.И.Мещеряковтың ұсынысы бойынша Астана қаласы мәслихатының хатшысы, Жұмыс тобының жетекшісі Сансызбай Сейтжанұлы Есіловтың кандидатурасын Қоғамдық кеңес төрағасының лауазымына ұсыну ұсынылған болатын.Н.И. Мещеряковтың ұсынысы Қоғамдық кеңес мүшелері А.К.Мұсахаджаева, Алтай Несіпбек, С.Б.Мынбаев бір ауыздан қолдады, олар Сансызбай Сейтжанұлы еңбек қызметін жолаушыдан бастағанын атап өтті. Оның бүкіл өмірбаяны астанамен, Ақмола облысымен байланысты. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары болып жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Қаланы біледі, астананың құрылуына байланысты барлық мәселелерді шешеді, Мәжіліс депутаты бола отырып, астананы дамыту бойынша негізгі жобаларды әзірлеуге қатысты.
Қоғамдық кеңес мүшелері Сансызбай Сейтжанұлы Есіловті Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы етіп бір дауыстан сайлады. Сансызбай Сейтжанұлы Қоғамдық кеңес мүшелерін білдірген сенімдеріне алғысын айтып, жаңа қоғамдық бірлестіктің маңызды өкілеттігі бар екенін атап өтті. Ең бастысы Қоғамдық кеңес жергілікті өзін өзі басқару жүйесінде өз орнын таба білгені жөн. Қоғамдық кеңес бюджет жобасын, бюджеттің атқарылуы туралы есепті, қаланың даму жоспарын қарастыратын, атқарушылық және өкілді органдар енгізетін нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытынды беретін болады.
С.С.Есіловтың ұсынысы бойынша Қоғамдық кеңес хатшысы лауазымына мәслихат аппаратының басшысыПытьева Веры Прокопьевнаның кандидатурасы бір дауыстан қолдау тапты.
Қоғамдық кеңес комиссиясының жұмысын үйлестіретін, отырысты өткізуге дайындықты ұйымдастыратын, Қоғамдық кеңес қызметін ұйымдастыруды және ақпараттық қолдауды қамтамасыз ететін Қоғамдық кеңес төралқасының құрамына «Жайна Астана» Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Мұхтар Еркетаев, мәслихат депутаты Николай Мещеряков, «Астана басжоспар» бас директорының орынбасары Гүлнәр Құсайынова, Астана Ұлттық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов және қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейсов кірді.