Қалалық мәслихаттың 64-сессиясы өтті
23.02.2016
Депутаттардың қарауына 14 мәселе шығарылған болатын, депутаттар оларды бір дауыстан мақұлдады.
Сессияға қатысушыларға қалалық аумақты абаттандыруды, көгалдандыру мен санитарлық ұстауды жақсарту бойынша қазіргі жағдай мен шаралар туралы астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов айтты.
Сөйтіп, қазіргі таңда қалада 9 саябақ, 90 гүлзар және 4бульвар бар. Осы жылы Арай саябағына және Жалайыр көшесі ауданындағы гүлзарға жапсарласқан саябақ учаскелерін салуды бастау жоспарлануда.
Алаңы 14800 гектар құрайтын жасыл желек аумағында үлкен жұмыс жүргізілуде. Жасыл желек аумағында жыл бойы болатын демалыс пен бос уақытты өткізуге арналған спорттық-сауықтыру кешендері орналасатын 25 және 100 гектарға рекреацияның 2 аймағын құру жоспарлануда.
Астананың өзін көгалдандыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Өткен жылы ғана қалада 19 мың ағаш отырғызылды.
Ағымдағы жылы 48 ауланы абаттандыру, 64 балалар ойын алаңдарын, 16 футбол аймағы мен 80 шағын сәулет нысандарын орнату жоспарланған.
Қазіргі қыс кезеңінде қаладан полигонға 2,46 миллион кубметр қар шығарылды. Механикаланған және қолмен жинау ұзақтығы 1081 километр 783 көшеде жүргізілген. Қазіргі таңда қалада 1200 бірліктен астам арнаулы техника, сондай-ақ 2500 астам жол жұмысшылары жұмылдырылған.
-Бұдан басқа, бюджет қаражатын үнемдеу, жолдарды жәнеқала алаңдарын тазалау сапасын жақсарту мақсатында gps-таратқыштарын қондыру арқылы жинауды жүзеге асыратын механизмдерді кешенді мониторингілеу жүйесі енгізіледі. 2015 жылы біз арнайы техниканың 880 бірлігінде жүйені орнаттық. Сондай-ақ, жылжымалы қар ерітетін станция іске қосылған. Көшелерді жинауға кететін уақыт пен қар тасуға жұмылдырылған өзін өзі көтергіштер саны айтарлықтай қысқартылған – деп толықтырды баяндамашы.
Қаладаауаны қалдық газдардан тазалаудаауаның ластануына қарсы күрес жүргізілуде. Сөйтіп, 2015 жылы неғұрлым экологиялық газды моторлы отын коммуналдық кәсіпорындардың 318 автокөлік құралдарына ауыстырылған.
Қ.Айтмұхаметов қоқыс өндейтін салаға ерекше назар аударды.2015 жылы ғана қалдықтарды көму полигонына 575 мың тонна қалдықтар қабылданған. Өткен жылдан бастап тозған автокөлік дөңгелектерін қайта өндеу мен кәдеге жарату бойынша зауыт қызметі жаңғырған.
Сала жұмысының тиімділігі үшін жеке инвестицияларды және халықаралық қаржы институттары қаражатын тарта отырып, қалдықтарды қайта өндеу бойынша қосымша технологияларды енгізу мәселесі пысықталуда, Астана қаласының қалдықтарын басқару жөнінде бағдарламаны әзірлеу аяқталуда, ол одан әрі қалдықтардың толық қайта өнделуін қамтамасыз етеді – деп хабарлады қала әкімінің орынбасары.
Сессия барысында, сондай-ақ құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Мирас Шекеновтың есебі тындалды.
Сессия шеңберінде халық қалаулыларына 25 адам кірген қаланың қоғамдық кеңесінің құрамы ұсынылған болатын. Мәслихат хатшысы Сансызбай Есіловтің айтуынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобында 61 кандидатураны ұсынған коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары қарастырылған.
Мәслихат шешімімен мәслихат шешімдері қатарына өзгерістер мен ведомствоаралық комиссия құрамы бекітілген.
Сессия жұмысына астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов , «Есіл», «Сарыарқа», «Алматы» аудандарының әкімдері, департаменттер мен қала басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.