Ағымдағы жылға астана бюджетіне енгізілетін нақтылауларды қалалық мәслихаттың 65-ші кезектен тыс сессиясында қарастырды.
17.03.2016
Астананың 2016-2018 жылдарға арналған нақтыланған бюджетінің жобасын астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин таныстырды.
Бюджеттің бұл нақтылануы қаржылық жыл басындағы бос қалдықтарды бөлумен байланысты, Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 104-бабына сәйкес жүргізіледі. Сондай-ақ, нақтылау кезінде Астана қаласы бюджетінің кіріс бөлігін арттыру ұсынылады.
Бюджеттік қаржыны игеру мониторингінің қорытындылары негізінде, жергілікті бюджет бойынша жылдық жоспарлық тағайындаулар жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша ішкі қайта бөлу жолымен қайтадан қарастырылды, оларды қаланың әлеуметтік саласы, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және дамуындағы кезек күттірмейтін бірқатар мақсаттарды шешуге бағыттау ұсынылады. Андрей Лукиннің сөзі бойынша, қаражаттар қайтадан енгізілген білім нысандарын күтіп-ұстау, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек беру, жолдардың орта және ағымдағы жөндеуі және тасқынға қарсы іс-шаралар үшін қарастырылған. Нақтыланған бюджет жобасын депутаттар бір ауыздан қолдады.
Сонымен қатар, мәслихат сессиясы барысында халық қалаулылары мемлекеттік мұқтаждар үшін жер телімдерін төлеп алу туралы шарттардың жобаларын қолдады. Мәслихат шешімімен Астана қаласының Қоғамдық кеңесі туралы Ереже бекітілді, онымен депутаттарды мәслихат хатшысы Сансызбай Есілов таныстырды.
Астана қаласы әкімдігінің жанындағы ведомствоаралық комиссиялар қатарына өзгерістер енгізілді және бекітілді.
Мәслихат сессиясының жұмысына астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері, қалалық ведомстволардың басшылары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.