Астаналық мәслихаттың алтыншы шақырылымының алғашқы ұйымдастырушылық сессиясы болып өтті
28.03.2016
Жаңа шақырылымдағы депутаттардың алғашқы сессиясы 20 наурызда өткен сайлаудың соңғы қорытындыларын жариялаудан басталды. Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Иглик Жалбиров өз баяндамасын оқып, одан соң салтанатты түрде халық қалаулыларына куәліктері мен төсбелгілерін тапсырды.
Қайта сайланған депутаттарды астананың әкімі Адильбек Джаксыбеков құттықтады.
- Астананың өміріне белсене араласу қажет, өз жұмысымен қала тұрғындарының сенімін ақтау керек. Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің алдына бірқатар міндеттер қойған, осы тапсырмаларды ортақ орындауда біздің де қосатын үлесіміз зор, - деп айтып кетті әкім.
- Өткен жылы 65 мәслихат сессиясы өткізіліп, мұнда 475 мәселе қарастырылған, тұрақты комиссияның 165 отырысы өткізілген, депутаттардың бастамасы бойынша қала белсенділерінің қатысуымен 12 бұқаралық тыңдалым өткен. Депутаттық өкілеттілік болмауына қарамастан біздің қызмет бабына орай кездесетін көптеген салаларымыз бар – деп айтып кетті әкім бұрынғы депутаттарға. Астана басшысы бесінші шақырылымдағы депутаттардың жемісті жұмыстары үшін алғыс білдірді – көп жылдық қызметі мен адал жұмысы үшін Сансызбай Сейтжанович Есиловқа айрықша алғыс білдіргім келеді. Сіз мәслихатқа үлкен мұра қалдырдыңыз, - деп пікір білдірді.
Салтанатты бөлімнен кейін депутаттар сессияның күн тәртібін қарастыруға кірісті. Қалалық мәслихат хатшысы болып бірауыздан Жанат Нурпиисов сайланды.
Екінші мәселе бойынша депутаттар тұрақты комиссиялар құрамы мен олардың төрағаларын тағайындады.
Заң, құқық және қоғаммен жұмыс бойынша комиссияны Гайдар Касенов, бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша комиссияны - Мирас Шекенов басқаратын болды. Құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бойынша комиссия төрағасы болып бірауыздан Сарсембек Жунусов, ал әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша комиссияның басшысы болып Мажит Шайдаров тағайындалды.
Халық қалаулылары қалалық мәслихаттың жақын уақыттағы сессиясында қарастырылатын бірқатар мәселелерді анықтады. Келесі отырыста депутаттар астанадағы индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын қарастырады, ІІД Астана қ., жергілікті полиция қызметінің басшысының жұмыс есебін тыңдайды.
Сессияға астананың әкімі Адильбек Джаксыбеков, әкімнің орынбасарлары, аудандық әкімдіктер басшылары, қалалық басқармалар мен ведомстоволар басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.