Астаналық мәслихатта семинар-жиналыс өткізіліп, мұнда алтыншы шақырылымның қайта сайланған депутаттарына олардың құқықтары, міндеттері және жұмыс сипаттары түсіндірілді
10.04.2016
Мәслихат депутаты Жанат Нурпиисов айтып кеткендей, өткен сайлау алды кампаниясы барысында сайлаушылардан көптеген мәселелер, өтініштер мен арыздар келіп түскен, олардың шешімін табу халық қалаулыларының жұмысының негізгі өзегі болуы керек. Бұл жағдайда оларды үлкен жауапкершілікпен қарастыру қажет.
-Бізге халық қалаулылар ретінде депутаттар өкілеттіліктері берілген, сол себепті оларды пайдалану, министрліктердің аумақтық бөлімшелерімен, астаналық басқармалармен жұмыс жасау қажет. Біздің аталған мәселелерді қалай шешіп, орындауымызға әрі қарайғы жұмыстарымыз тәуелді болады. Жалпы алғанда біздің сайлаушыларымызбен жұмыс тұрақты сипатта болуы керек, - деп айтып кетті Жанат Нурпиисов.
Жергілікті атқарушы органдар депутаттарына жүктелетін міндеттер жауапкершілігі, олардың құқықтары және халық қалаулыларының орган жұмысын ұйымдастыруы туралы қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Вера Пытьева айтып берді.
Мәслихат – жергілікті өкілді орган және ол халықтың еркін білдіреді. Бұл жағдайда әрбір депутат 14-17 мың сайлаушының мүдделерін білдіреді. Депутат қызметінің ерекшелігі олар өз қызметтерінен босатылмаған, яғни жұмыстарды қатар атқару қажет. Сонымен қатар, мәслихат жұмысы заң шеңберінде реттеліп, жүргізілуі керек.
Мәслихат белгілі жұмыс тәжірибесін жинақтаған, мұнда сабақтастық байқалады. Біздің басты міндетіміз адамдардың біздің мәселелерді өз құзіреттілігіміз шегінде шешумен айналысатынымызды білуі, - деп айтып кетті Вера Пытьева.
Семинар-жиналысқа мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.