Қалалық мәслихаттың VI-шақырылымының екінші кезектен тыс сессиясы болып өтті
15.04.2016
Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов «Астана қаласының тұрғындарының жекелеген санаттарына атаулы күндер мен мереке күндері қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» баяндама оқыды.
Оның сөзіне сәйкес 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 192 миллион 650 мың теңге қосымша әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.
- «Астана қаласының тұрғындарының жекелеген санаттарына атаулы күндер мен мереке күндері қосымша әлеуметтік көмек көрсету» ережелеріне сәйкес 9 мамырға қарсы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне 150 мың теңге мөлшерінде төлем қарастырылған. Яғни ағымдағы жылы 1 миллион теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Ермек Оспанов.
Сонымен қатар, біршама қаражат Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқан 580 қала тұрғынына берілетін болады. Олардың әрқайсысы 26 сәуір – Чернобыль АЭС апаттары құрбандарын еске алу күнінде 80 мың теңге алатын болады, ал Астана қаласында тұратын жалғыз жесіріне 50 мың теңге төленеді.
Депутаттар шешім жобасын бірауыздан мақұлдаған.
Талқылдау барысында халық қалаулылары аудандық әкімдіктер мен қалалардың тұрғын үй инспекциясына соғыс ардагерлері тұратын кейбір үйлерді ң подъездерін жөндеп тиісті түрге келтіру қажеттілігін ескертті.
- Өткен жылы мен осы мәселені көтердім. Біз жыл сайын 9 мамырда соғыс ардагерлеріне барып құттықтаймыз, олар тұратын үйлердің подъездері қандай жағдайда екенін көреміз. Ардагерлерге жағдай жасау керек. «Бұл үйде ардагер» тұрады деген тақташалар ілу қажет. Себебі барлық көршілері ардагермен бір үйде тұратынын біле бермейді, - деп ұсынды депутат Ахылбек Куришбаев.
Сессия барысында депутаттар мемлекеттік сатып алу саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша ведомствоаралық комиссия құрамын бекітті.
Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасының басшысы Ерсин Отебаев өз баяндамасында хабарлағандай комиссияның негізгі міндеті мемлекеттік сатып алу саласындағы отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың ашықтық пен ақпараттың қол жетімділігі ұстанымдары негізінде қызметтерін үйлестіруді жүзеге асыру болып табылады. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдар өкілдері, қалалық прокуратура, Мемлекеттік кіріс департаменті, «Нұр Отан» партиясының, Астана мәслихатының, Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілген.
Депутаттар сонымен қатар, қаланың мемлекеттік мәдени ұйымдарын аттестаттау бойынша комиссия құрамын бекітті.
Осы мәселе бойынша қаланың Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Болат Мажагулов сөз сөйледі.
- Мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттау олардың қызметтерінің тиімділігін, материалдық, еңбек және қаржылық көздерін тиімді пайдалану, құрылым мен желі негіздерін реттеуді бағалау үшін өткізіледі, - деп хабарлады баяндамашы.
Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, аудандық әкімдіктер басшылары, қала ведомстволары, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері қатысты.