Астаналық мәслихат қаланың кәсіподақ орталығымен серіктестік туралы меморандумға қол қойды
22.04.2016
Кездесу барысында мәслихат депутаттары мен қалалық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері пікір алмасты және ортақ түрде шешімін табуы тиісті қала тұрғындарының өзекті мәселелерін атап көрсетті.
Қала мәслихаты астаналықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, барлық заңнама нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша қандай жұмыстар жүргізіп отырғаны туралы оның хатшысы Жанат Нурпиисов баяндады.
- Депутаттар өз жұмыстарын жоспарлау барысында астана өмірінің қандай да бір мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделейді, өз назарын сайлаушылардың әр алуан мәселелерінің шешімін табуға шоғырландырады. Мәслихат депутаттарының негізгі міндеті – сайлаушылармен үздіксіз байланыс және олардың өтініштеріне мұқият қатынас. Қала мәслихаты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету және қолдауға қаражат бөлу бойынша шешімдерді қабылдайды, - деп айтып кеткен Жанат Нурпиисов.
Ол сонымен қатар, мәслихат пен кәсіподақтың ортақ мақсаттары бар екенін де айтып өткен. Кәсіподақтар жұмыскерлердің құқықтарын қорғайды және олардың сақталуы үшін күреседі, оларға лайықты еңбек жағдайларын, жұмыс орнының жайлылығын қамтамасыз етуді көздейді, ал жұмыскерлер – қала тұрғындары – сайлаушыларымыз, мәслихаттың қызметі олардың мәселелерінің шешімін табуға бағытталады.
- Меморандумға қол қою біздің алдымызда бірлеске серіктестіктің жаңа шекараларын ашады. Депутаттар корпусы кәсіпорындарға барып, еңбек ұжымдарымен танысуға дайын, - деп қосты қалалық мәслихат хатшысы.
Қаланың кәсіподақ ұйымдарының қызметі туралы кездесу қатысушыларына Астана кәсіподақ орталығының төрағасы Сарсенбай Мынбаев айтып берді.
Бүгінгі таңда орталық республикалық салалық кәсіподақтардың 9 филиалының жұмысын біріктіреді және үйлестіреді, олардың құрамына жалпы саны 60 мың адамды құрайтын 380 алғашқы кәсіподақ ұйымдары енеді.
- Кәсіподақтар өкілдері қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламаларын әзірлеу, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған тұрғын үйді бөлу, гендерлік теңдікті қолдау, жас қызметкерлердің, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерінің шешімін табу бойынша әр түрлі комиссиялар мен жұмыс топтарының мүшелері болып табылады, - деп хабарлады Сарсенбай Мынбаев.
Оның сөзіне сәйкес, қалалық мәслихат пен қала кәсіподақтары әр түрлі бағыттарда өзара әрекеттестікте жұмыс жасай алады.
Кәсіподақтар мүшелері мәслихат сессияларына материалдар дайындау барысында жұмыс топтарына қатыса алады, бұқаралық тыңдалымдарға құрылымдық ұсыныстар енгізіп, сайлау учаскелерінде бірлескен шаралар өткізеді, себебі , әр округта 15-20 алғашқы кәсіподақтар болады.
Кездесу серіктестік туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды, оған сәйкес тараптар қаланың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын жүзеге асыру, астаналық кәсіпорындар мен ұйымдарда заңнаманы сақтауға қатысты мәселерді жүзеге асыруда өзара әрекеттестікте болады.
Кездесуге мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, қалалық мәслихат депутаттары, кәсіподақ орталығы төрағасы Сарсенбай Мынбаев, қаллық кәсіподақтар, алғашқы кәсіподақ ұйымдары төрағалары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты.