Астаналық мәслихаттың 3 кезектен тыс сессиясы болып өтті
29.04.2016
Депутаттарға қарастыруға бір ғана мәселе ұсынылған. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алумен байланысты жер телімдерін немесе басқа да жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы келісім-шарттар жобасын келісу туралы астаналық тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов баяндады.
Баяндамашы берген ақпаратқа сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін 8 нысаннан 74 жер телімін алу жоспарланған.
- Бұл Комсомол көшесіндегі жол бөлігіндегі инженерлік желілерді қайта жаңарту, Жангелдин және Уәлиханов аудандарында – ескі орталық базар аумағында КТК салу. Бөгенбай батыр және Сарыарқа даңғылдары шекарасында Күмісбеков көшесінде инженерлік жолдар салу. Көкпанов және Алтын емел аудандарында пәтер түріндегі жатақхана құрылысы және Сейфуллин, Сарайшық, №12 көшелер құрылысы, кіші орамды жол құрылысы, - деп хабарлады Руслан Досаев.
Оның сөздеріне сәйкес барлық келісім-шарт жобалары мәслихат комиссиясында меншік иелерінің және тәуелсіз бағалаушылардың қатысуымен қарастырылған.
Сессияда қарастыруға ұсынылған мәселені депутаттар бірауыздан қолдаған.
Сессия жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, астаналық басқармалар басшылары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.