Сансызбай Есіловтың төрағалық етуімен Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті
09.05.2016
Кеңес мүшелерінің қарастыруына Астана қаласы әкімдігінің нормативті-құқықтық актілерінің 4 жобасы ұсынылған.
Отырыста әкімдіктің «Астана қаласындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» қаулысына енгізілген өзгерістер мақұлданғандықтан Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау қызметінің басшысы Толеген Кулушев баяндағандай оған себеп «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру болған.
- Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін анықтайды: құрылыс-құрастыру жұмыстарына лицензия беру, жобалық қызмет, ізденіс қызметі, үлескерлер қаражаты есебінен тұрғылықты ғимараттар құрылымы мен қайта ұйымдастыру қызметі, сәулет және қала құрылысы салаларында сараптамалық қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау, - ден түсіндірген.
Отырыста «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік қызметі регламенті келісілген.
- Аккредиттеу – өкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобаларын басқару саласындағы ұйымдардың өкілеттілігін ресми тану үдерісі. Қызмет көрсету тегін негізде кеңсе арқылы 15 жұмыс күні ішінде қарастыру мерзімімен жүзеге асырылады. Қарастыру нәтижелері бойынша бекітілген үлгіге сәйкес аккредиттеу туралы куәлік беріледі немесе аккредиттеуден бас тарту себебі түсіндіріледі, - деп баяндаған Толеген Кулушев.
Отырыс барысында астана шекараларын кеңейту туралы да белгілі болған. Астана қаласының жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысы Тлеугазы Нуркеновтың пікіріне сүйенсек Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауында көрсетілген тапсырмаға сәйкес әкімдік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Астана қаласының халықаралық әуежайын қайта жаңарту барысында жаңа терминал құрылысын жүргізу мәселелерін қарастырған.
- Осы мақсатта жалпы ауданы 347,60 гектар болатын жер бөлінген, мұнда тексеру, сәйкес нысандар құрылысын жобалау бойынша жұмыстар жүргізілу үстінде. Бұл жағдайда әуежай аумағының, оның қорғаныштық аймақтарының шекарасын кеңейту, аталмыш аумақтарды су басудан қорғау бойынша кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігі туындайды. Дегенмен, аталған шараларды жүзеге асыру қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданынан 7300 гектар Майбалық көлі аумағындағы қала бөлігіне жанаса жатқан аумағын қосу шараларын жүзеге асыру арқылы ғана мүмкін болады, - деп тұжырымдаған баяндамашы.
Бұдан басқа, Тлеугазы Нуркеновтың сөзіне сәйкес аталған аумақтардың жартысын рекреациялық мақсатта қала тұрғындары мен қонақтарының қысқа уақыттық демалысына арналған аймақтарды да пайдалануға болады. Сонымен қатар, астанаға Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер және Қабанбай батыр ауылдық округтары аумағында орналасқан 1419 га жер телімін беруді жүзеге асыру ұсынылған. Бұл жерлер Ұлттық пантеон құру және жаңа қала зиратын орналастыру үшін қажет. Соңғысы Көкшетау тас жолы бойында МАИ постынан кейін орналасады.
- Қазіргі кезде бұл жерлер аталған нысандарды жобалау және салу үшін Астана қаласының коммуналды шаруашылық басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен берілген. Қоғамдық кеңес отырысында талқыға салғаннан кейін Астана қаласы әкімдігі мен мәслихатының «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы қабылданатын болады. Ақмола облысының әкімдігімен келіскеннен кейін бірлескен шешім Қазақстан Республикасы үкіметіне қарастыруға және бекітуге ұсынылады, - деп қорытындылаған баяндамашы.
Кеңес мүшелері ашық мәліметтер ғаламтор-порталына орналастырылатын ақпараттар тізімін мақұлдаған.
- Жыл сайын мемлекеттік органдар қала өмірінің әр түрлі салаларында ақпараттың орасан зор ағынын жинақтайды және қалыптастырады. Бұл ақпарат ғаламтор желісіне орналастырылады және адамдар оны бірнеше рет тегін пайдалана алады. Портал өз жұмысына кіріскен және қоғам үшін максималды пайда келтіруді көздейді. Осындай порталдар 23 мемлекетте жұмыс жасайтыны бойынша әлемдік тәжірибе де бар, - деп хабарлаған Астана қаласы әкімі аппаратының орынбасары Альнур Сейдуманов.
Отырысқа қалалық ведомстволар мен басқармалар, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан.