Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері бойынша отырысы өтті
16.05.2016
Комиссия мүшелерінің қарастыруына 2 мәселе ұсынылды. Астаналық жастар саясаты басқармасының басшысының м.а. Ербол Рыспаев жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және оларды астананың қоғамдық өміріне араластыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Комиссия мүшелерінің қарастыруына 2 мәселе ұсынылды.
Астаналық жастар саясаты басқармасының басшысының м.а. Ербол Рыспаев жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және оларды астананың қоғамдық өміріне араластыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.
Ресми мәліметтерге сәйкес бүгінгі таңда Астана қаласындағы 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 213,4 мың адам немесе астананың жалпы демографиялық көрсеткішінің 25% құрайды. Бұл жағдайда жасырын көші-қонды ескере отырып, ресми емес санақ мәліметтеріне сәйкес астанада тұратын жастар саны біршама көбірек – шамамен 300-320 мың болып отыр.
- 2015 жылы Басқарма 30 астам жобаны жүзеге асырып, 150 астам шара ұйымдастырды, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50% артық. Мәслихат қаладағы қоғамдық көлікте аса мұқтаж студенттерді жеңілдікпен жүргізу туралы мәселені қарастырған. Аталған мәселе бойынша 2015 жылы 23 қыркүйекте № 410/57-V жетім балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының балаларына жеңілдікті жолақы ұсыну туралы шешім шығарылған. Атаған жеңілдік 3000 ЖОО және ТжКО студенттерін қамтиды, - деп хабарлаған баяндамашы.
Басқарма жастар арасында діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және оған қарсы шаралар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген: дәрістер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер өткізіліп, мұнда тақырыптық бейнероликтер көрсетілген және деструктивті ұйымдардың қызметі туралы ақпараттық материал таратылған.
Қалада аула клубтары да жұмыс жасайды.
- 2015 жылдың басында «Астана жастары» КММ және Астана қаласының жастарды қолдау саясатының мемлекеттік қорына ведомстволы 15 аула клубы жұмыс жасаған. Күзге қарай 2 аула клубы жалға алып отырған ғимараттарынан коммуналдық ғимараттарға көшірілген, ал 2 клуб ғимараттардың меншік иелерімен жалға алу келісім-шартының мерзімі өтуіне байланысты қызметін тоқтатқан. 2016 жылдың басында 13 аула клубы жұмыс жасап, олар 2500 балалар мен жасөспірімдерді қамтып отыр, - деп баяндаған Е.Рыспаев.
Аула клубтарының жұмыстарында бірқатар кемшіліктер де бар. Біріншіден, бұл – ғимараттардың жетіспеуі, тиісті жөндеу жұмыстарының болмауы, аула клубтарының қала аудандары бойынша әркелкі орналасуы, спорттық жабдықтардың жетіспеуі және т.б.
Басқарма жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр, негізінен жастардың кәсіптік бағдарына баса назар аударылуда.
«Менің дұрыс таңдауым» шаралар кешені шеңберінде кәсіптік бағдар және жұмысшы мамандықтарын насихаттау бойынша 2014 жылдан бастап қаладағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі, өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жұмысшы мамандықтар өкілдерімен кездесулер және экскурсиялар ұйымдастырылады.
- Сонымен қатар, «Жасыл ел» бағдарламасы белсенді түрде жұмыс жасайды, оның шеңберінде жыл сайын мыңдаған студенттер құрылыс және қаланы көгалдандыру салаларында жұмыс жасайды. 2015 жылы аталған бағдарлама шеңберінде 1500 астам жастар «Базис А», «Астана орманы», «Жасыл аймақ» және басқа да ірі компанияларға жұмысқа орналастырылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 500 адамға артық. Осы жылдан бастап 300 астам адам ЭКСПО қалашығын салуға қатысып отырғанын айта кету керек, - деп аяқтады баяндамашы.
Талқылау барысында комиссия мүшелері бүгінгі таңда аула клубтарының мүшелері тиісті деңгейде жолға қойылмағанын, сол себепті жастардың біршама бөлігі қамтылмай қалып отырғанын айтып кетті. Сонымен қатар, жұмыссыз жастармен жүргізілетін жұмыстардың да кемшін тұстары бар. Депутаттар барлық мүдделі мемлекетті құрылымдарды қатыстыра отырып азаматтардың осы санатын еңбекке орналастыру бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігін айтып кетті. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де шешілмеген қалпында қалып отыр.
Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері барлық ескертулерді ескере отырып, басқарма қызметі туралы есепті келесі отырыстарда қайта тыңдау туралы қорытындыға келді.
Сонымен қатар, отырыста ревизиялық комиссияның астаналық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасында, жастар саясаты басқармасында жүргізген аудиторлық шараларының қорытындысы тыңдалды. Баяндаманы ревизиялық комиссия мүшесі Мейрамбек Ахметов жасады.
- Аудиторлық шаралар шеңберінде мәдениет, мұрағат және құжаттама бастама сының, жастар саясаты басқармасының, «Астана жастары» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-имидждік және әлеуметтік маңызды шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстары қамтылған және сегіз қарсы тексеріс жүргізілген. Бұдан басқа ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт, экономика және бюджетті жоспарлау, дін істері басқармаларынан, «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдіктерінен, «Қоғамдық келісім», «Дін істерін зерттеу орталығынан», сонымен қатар, Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорынан алынған ақпараттарға талдау жасалды, - деп хабарлады.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша аталмыш саладағы қала саясатын анықтап, қаланы сыртқы тақырыптық ресімдеу, астанадағы мәдени имидждік және әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейтін бірыңғай құжатты әзірлеу мәселесін қарастыру ұсынылған.
Комиссия отырысына қаланың сәйкес ведомстволары мен басқармаларының, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.