Астаналық мәслихаттың VI шақырылымының 4 кезектен тыс сессиясы өтті
27.05.2016
Күн тәртібіне шамамен 10 мәселе қойылған, оны депутаттар бірауыздан мақұлдаған.
Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының қорытындысы туралы отырыс барысында астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтып берді.
Бағдарлама бес негізгі стратегиялық бағыттан құралды: экономиканы, әлеуметтік саланы, инфрақұрылым кешенін, экологияны және мемлекеттік басқаруды дамыту. Баяндамашының сөзіне сәйкес оны жүзеге асыру Астана қаласына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аймақтар арасында көшбасшы орынды иеленуге мүмкіндік берді.
Астананың 2011-2015 жылдардағы даму бағдарламасының қорытындысы туралы отырыс барысында астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин айтып берді.
Бағдарлама бес негізгі стратегиялық бағыттан құралды: экономиканы, әлеуметтік саланы, инфрақұрылым кешенін, экологияны және мемлекеттік басқаруды дамыту. Баяндамашының сөзіне сәйкес оны жүзеге асыру Астана қаласына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша аймақтар арасында көшбасшы орынды иеленуге мүмкіндік берді.
5 жыл уақыт ішінде аймақтағы жалпы ішкі өнім көлемі нақты өрнекте 1,6 есе артқан. Оның қорытындысы бойынша астана экономикалық өсім ырғағы бойынша көшбасшы болды. Астананың жалпы елдің ЖАӨ үлесі 8-11 % дейін жоғарылады.
- Даму бағдарламасын қабылдаған сәттен бастап индустрияландыру картасы жүзеге асырылған, оған сәйкес 22 жаңа өнеркәсіптік кәсіпорын іске қосылған, олар 3 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр, - деп хабарлаған Андрей Лукин.
Есепті кезең ішінде қала экономикасына 3,2 трлн теңге бөлінген, бұл 1997 жылдан бері қарай тартылған инвестицияның жартысын құрайды.
Капитал салымының жыл сайынғы өсімі 1,5% есе артқан.
Ағымдағы жылы астана республикалық деңгеймен бір сатыда тұрған инвесторлар үшін тартымдылық деңгейін растаған. Осындай рейтинг деңгейі Барселона, Стамбул, Мадрид және т.б. қалаларға берілген.
Бас жыл ішінде Астанаға 3 миллионнан астам турист келген болса, оның ішінде 650 мыңы – шетелдіктер болған.
Шағын және орта бизнес саласында өнім шығару көлемі 2 есе артты және ең үздік көрсеткіштерге жетті, жалпы республикалық көрсеткіштерден 4 есе артты. Бүгінгі таңда бұл салада 288 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл астана халқының жұмыспен қамтылған бөлігінің 61% құрайды.
Денсаулық сақтау саласында соңғы бес жыл ішінде 7 нысан пайдалануға берілген. Осы уақыт ішінде туберкулезден өлім деңгейі 3 есе, қан айналу жүйесі ауруларынан өлім 2,4 есе және сәби өлімі 1,7 есе төмендеген.
Осы уақыт ішінде жергілікті бюджет есебінен астанада 8 мың орындық 31 бала бақша және 20 мың орындық 18 мектеп пайдалануға берілген. Мектептердегі орын жетіспеушілігі 4700, мектепке дейінгі мекемелерде – 1960 азайған.
Жұмыссыздық деңгейі 6,2% - 4,7% дейін кеміген. Астаналық еңбек нарығында 90 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Осы уақыт ішінде 5937 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, тұрғын үй жәрдемақысы 1700 аз қамтылған отбасыларға берілген.
- Бағдарлама шараларын жүзеге асыру астанаға өткен жылы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтар арасында көшбасшы орынға шығуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа Президент әкімшілігі жүргізетін жыл сайынғы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу дәрежесін бағалау рейтингінде Астана 2012 жылдан бері тұрақты түрде бірінші орынды иеленген, - деп қорытындылады Андрей Лукин.
Отырыс барысында депутаттар қалалық қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаевтың өткен жылғы астаналық бюджеттің орындалуы туралы баяндамасын тыңдады.
Оның сөзіне сәйкес өткен жылы бюджеттің орындалуы соңғы 15 жыл ішінде рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізген және 99,8% құраған. Игерілмеген үлес сәйкесінше 0,2% болған. Бюджет қаражаты негізінен астананың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешімін табуға: денсаулық сақтау жүйесін дамыту, білім беру, мәдениет және спортты дамыту, жұмыссыздықты азайту, астананың энергетикалық әлеуетін арттыру, абаттандыру және көшелерді жарықтандыру және т.б. жұмсалған.
2015 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есеп бойынша қорытындылап қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы депутат Зейнулла Шибкенов сөз алған.
Оның сөзіне сәйкес, әлеуметтік шығындармен қатар, бюджеттің бірқатар бөлігі инфрақұрылымдық жобаларға, қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.
Мәселені тұрақты комиссияда талқылау барысында депутаттар өз назарларын еңбек нарығындағы жұмыстарды бақылауға, мемлекеттік сатып алу үдерістерін жүзеге асыруға, жолаушы тасымалына, қаланы қажетті мөлшердегі жылжымалы составпен қамтамасыз етуге аударды. Халық қалаулылары қаланы бейнебақылаумен қамту мәселелеріне, құқық қорғау органдарының жұмыстарына, еріктілер мен астаналық клубтардың қозғалыстарына, мектепте бастауыш сыныптарда тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелеріне және т.б. қызығушылық танытты.
Депутаттар астана шекараларын кеңейту туралы сөз сөйлеген Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғау басқармасының басшысы Толеугазы Нуркенова сөзін тыңдады.
Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» тақырыбындағы халыққа жолдауындағы тапсырмасына сәйкес әкімдік мемлекеттік органдармен бірлесе отырып Астана халықаралық әуежайының ұшу жолағын қайта жабдықтау барысындағы жаңа терминал құрылысы мәселелерін қарастырған. Бұдан басқа, Астананың құрамына Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер және Қабанбай батыр селолық округтары аумағындағы 1419 гектар жер енетін болады.
- Қазіргі кезде бұл жерлер тұрақты жер пайдалану құқығы бойынша Астана қаласының коммуналды шаруашылық басқармасына аталған нысандарды жобалау және салу үшін берілген, - деп түсіндірді Т.Нуркенов.
Бұдан басқа, сессияда 6 нысан бойынша 19 жер телімін сатып алу туралы келісім-шарттардың жобалары келісілді. Олардың орнында жаңа көшелер салу және инженерлік желілерді қайта жабдықтау жоспарланған.
Отырыс барысында қаланың кәсіпкерлік, мемлекеттік рәміздер, нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес мәселелері бойынша бірқатар ведомствоаралық комиссияларына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, әкімдіктің жеке құрамының өзгерістерді келісілді.
Сессия жұмысына Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин, қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, астаналық ведомстволар басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.