Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында 2016-2018 жылдардағы қалалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар
01.06.2016
Астана қаласының 2016-2018 жылдардағы бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы астаналық Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаев баяндап берді.
- Бюджетті нақтылау барысында кіріс бөлігін арттыру қарастырылып отыр. Бюджет қаражатын игеру нәтижелері негізінде жергілікті бюджет бойынша жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлы тағайындалуы қайта қарастырылған, оларды қаланың дамуы үшін жедел шешімін табуы тиісті мәселелерге бағыттау ұсынылған, - деп түсіндірді баяндамашы.
Шығындық бөлігіне келер болсақ, осы жылы жергілікті бюджеттен бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешімін табу үшін қосымша қаражат бөлу қарастырылған.
Атап айтқанда, аталған қаражат мектепке дейінгі мекемелер қызметін қамтамасыз етуге, күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеуге, бірнеше ясли-бала бақшаларды абаттандыруға, жеке бала бақшалардағы мемлекеттік тапсырыс құнын арттыруға, сумен қамту жүйелерін жетілдіруге, құйынды кәріз жүйесі желісі және инженерлік желілер құрылысын жалғастыруға, арнайы коммуналдық техника сатып алуға жұмсалады. Қосымша қаражат аудандық ішкі істер бөлімдерінің әкімшілік ғимараты құрылысын жобалауға, қаланы абаттандыруға, бақтар, гүлзарлар салуға жұмсалады, оның бірі Көктал тұрғын үй массивінде орналасады, сонымен қатар, Бөгенбай батыр даңғылы бойында 800 орындық екі кәсіптік-техникалық мектеп, орталық жедел жәрдем станциясы, Есіл өзенінің су айдынында фонтан салуға және т.б. бөлінеді.
Талқылау барысында кеңес мүшелері бюджетті нақтылау және үйлестіру кезінде қаражат ресурстарын жедел мақсаттарға жұмсап, әлеуметтік маңызы бар жобаларға басымдылық беру қажеттілігі туралы айтты.
Сонымен қатар, отырыс барысында білім беру, сәулет және қала құрылысы, мәдениет және спорт салаларындағы бірқатар нормативті-құқықтық және заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар қабылданған.
Кеңес мүшелері қалалық жолаушылар көлігі жұмысын да талқыға салды.