Қалалық мәслихат депутаттары астаналық ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлімшелеріне барып, тәртіп сақшылары жұмысының ерекшеліктерімен танысты.
10.06.2016
Бірінші кезекте депутаттар «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасының учаскелік пункттерінің біріне жол тартты. Мұнда ұсталғандарды, тәртіп бұзушыларды, нашақорларды және басқа да есепті тұрған тұлғаларды алып келеді – олардың әр қайсысына тағайындалған уақыт болады және олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Әрбір осындай пункт стационарлы радиобекеттермен, деректер базасына жалғанған компьютермен, алкотестер, бейне тіркеуші, фотоаппарат, бейнекамералар, Астана қаласының ІІД жедел басқармасы орталығына жалғанған бейнебақылау мониторларымен және автомобильдермен жабдықталған.
Жалпы алғанда астананың әкімшілік ауданының ЖПҚ жеке құрамында 72 қызметкер бар, оның ішінде, 39 – учаскелік полиция инспекторлары, 19 – ювенальді полиция инспекторлары және 6 – табиғат қорғау полициясы өкілдері.
Жұмыс бөлмелері мен кезекші бөлімді аралағаннан кейін халық қалаулылары Астана қаласы ІІД жол-патруль полициясы полкіне барды. Мұнда депутаттарға полиция қызметкерлері күн сайын жұмыс жасайтын жабдықтар мен құрылғыларды көрсетті, жаңартылған автопаркпен және қолданыстағы жылжымалы составпен таныстырды.
Жергілікті полиция қызметі басшысы Бақытжан Малыбаевтың сөзіне сәйкес жыл сайын автопарк қаланы патрульдеуге шығарылатын 34-40 автомашинамен толықтырылады. Шетелдік күзетілетін тұлғаларға қызмет көрсететін мотоциклдар бар. Жаз мезгілінде оларды астанада көбейіп кеткен мотоциклді желікпелермен күресте қолданады.
Полиция қызметкерлері арсеналында 86 жылқы бар, олар саяжайларды, бейіттерді патрульдеу үшін пайдаланылады және қажет болған жағдайда қорғалатын тұлғаларды күзету үшін қатыстырылады.
Автопаркте астана паркінде кезекшілік қызмет атқаратын электромобиль бар. Дүние жүзілік «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде осындай машиналар көрме қалашығының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Полиция қызметкерлері парк ішінде ережелерге қарсы келмеген жағдайда 6 велосипедпен орын ауыстырады.
Аралау барысында депутаттар жергілікті полицияға жұмысқа автоматтандырылған «AstanaBike» жүйесін қатыстыруды ұсынған. Қызметкерлердің картасы бар болған және AstanaBike велосипедтерімен жүрген жағдайда жаңаларын сатып алудан бас тарту мүмкіндігі болар еді деп есептейді олар.
Сонымен қатар, депутаттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы деректер базасының ақаулығын немесе болмауын да айтып кетті. Мысалы, жоғары жылдамдық үшін айыппұл төлеген жағдайдың өзінде айыппұл төлеушілер тізімінде бәрібір қала береді. Депутаттарға осындай ақаулықтарды жоюмен байланысты жұмыстар жүргізіліп отырғаны жеткізілді.
- Бүгінгі таңда штатта барлығы 899 қызметкер жұмыс жасауы керек, олардың нақты саны 718 адамды құрап отыр. Олардың ішінде 36 бастапқы дайындық кезеңінде және жұмысқа тек бірнеше айдан кейін ғана кірісе алады. Мамандардың жеткіліксіздігі айқын. Қала халқының санының қарқынды артуын ескеретін болсақ, астанада 67 учаскелік пункт жұмыс жасауы керек, оның әрқайсысында 7 учаскелік инспектордан жұмыс істеуі тиіс. Қазіргі кезде біз осы пункттер орналасуы ықтимал 10 ғимаратты тексеру үстіндеміз, деп хабарлады депутаттарға Бақытжан Малыбаев.
Бір тәулік ішінде астанада патрульге орта есеппен жол-патруль полициясының және Ұлттық Ұланның 340-350 қызметкері шығарылады. Бақытжан Малдыбаевтың сөзіне сүйенсек бүгінде қылмыстың ашылу деңгейін арттыру және олардың алдын алу үшін қала тұрғындарының, ПИК, жастардың көмегі қажет. Айта кететін жағдай, астаналық полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілермен жұмыс тәжірибесі бар.
Жергілікті полиция басшысы шиеленіскен мәселе ретінде учаскелік инспекторлардың еңбек ақысының төмендігін айтып кетті, ол атқарылып отырған жұмыс көлеміне сәйкес келмейді. Сонымен қатар, инспекторлардың көпшілігі пәтер жалдап тұруға мәжбүр.
Оларға аздап көмек көрсетіп отырмыз. Әкімдік Ильинкада біздің қызметкерлерге арнап 10 үй бөлді, біз оларды таратып қойдық және қазір сәйкес құжаттар ресімделу үстінде, - деп түсіндірді ол.
Талқылау барысында депутаттар тыйым салынғанына қарамастан алкогольді түн жарымынан кейін сататын үй маңындағы дүкендерге де назар аудару қажет екенін айтты.
Жалпы алғанда халық қалаулылары астанадағы полиция қызметінің жұмыстары тиісті деңгейде жолға қойылғанын айтып кеткен. Тәртіп сақшыларының халық арасындағы беделі мен мәртебесін көтеру қажет және оларға тиісті түрде сенім арту қажет екенін айтып өткен. Ювенальдық полицияның жұмысы әдістері де өзгерген. Бұрын балалар қылмыс жасаған жағдайда бұл факт тіркеліп, ал тәртіп бұзушы айыпталатын болса, енді алдымен ата-аналармен сәйкес түсіндірме және ескерту жұмыстары жүргізілетін болған, бұл балаларының алдағы уақытта осындай әрекеттерге бармауы үшін қажет.
- Халық учаскелік инспекторларға қатынасын өзгертуі керек. Бұрын олардың көптеген өкілеттіліктері шектелген, қазіргі кезде әмбебап полиция қызметкерінің болуы қаладағы тәртіптің сақталуын қадағалауды күшейтеді және азаматтарға осыны түсіндіру керек. Халық өзінің учаскелік инспекторларын білуі керек және біз депутаттар ретінде осы насихат жұмыстарын жүргізуге тиіспіз, - деп айтып кеткен халық қалаулылары.
Көшпелі депутаттар тобының жұмысына қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нурпиисов, жергілікті полиция қызметі өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.