Сансызбай Есиловтың төрағалық етуімен Астана Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
14.06.2016
Отырыс барысында кеңес мүшелері қалалық мәслихат пен қала әкімінің мұқтаж жандардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге, мұрағат құжаттамасына, Астана қаласы аумағында жануарларды ұстау ережелеріне, дін қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге, ауыл шаруашылығына қатысты шешімдерін талқыға салды.
Бұдан басқа, отырыс барысында ақылы коммуналдық тұрақтарды пайдалану ережелері мен олардың қызметтерінің базалық тарифтері қарастырылды.
Сәйкес баяндаманы Астана жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Едиль Сулейменов жасады.
Оның сөзіне сәйкес, ақылы автотұрақтарды енгізу бірінші кезекте, қаланың жол желісіне жүктемені төмендетумен және көшелердің өткізу қабілетін арттырумен байланысты. Бұл жағдайда осындай жаңалықты енгізу инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Барлығы Астанада 259 осындай автотұрақ салынады. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бастапқыда ақылы тұрақтар сол жақ жағалауда – Нұржол бақжолында, Түркістан және Ақмешіт көшелерінде пайда болады. Бұл жағдайда жүйе сынама режимде жұмыс жасайды, сол себепті жүргізушілер көліктерін қойғаны үшін ақы төлемейді.
- Есептеулерге сәйкес автокөліктің құны ақылы автотұрақта бір сағат тұру құны 182 теңге құрады. Алайда, жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып базалық тарифті 150 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылған, - деп хабарлады.
Тұрақтар таңертеңгі сағат 8 бастап кешкі 20 дейін жұмыс істейді, басқа уақытта оларға тегін тоқтауға болады. Қызметтер ақысы бірнеше түрде жүзеге асырылады: паркоматтар арқылы, банк карталарымен немесе қолма-қол ақшамен, сонымен қатар, ұялы қосымша арқылы немесе SMS-хабарлама жіберу арқылы. Бұл жағдайда азаматтардың жеңілдікті санаттары тұрақтарды тегін пайдаланатын болады.
Қоғамдық кеңес отырысында қалалық басқармалар мен ведомстволардың, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.