Сансызбай Есиловтың төрағалық етуімен Астана қ. Қоғамдық кеңесінің отырысы орын алды.
15.07.2016
Кеңес мүшелерінің қарастыруына қала әкімдігінің бірқатар регламенттері мен қаулыларына өзгерістер енгізу туралы 5 сұрақ шығарылды
Осылайша, Кеңес есепке алу аспаптарына ие емес тұтынушылар үшін Астана қаласы бойынша электр қамсыздандыру, жылумен қамсыздандыру, сумен қамту және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерін тұтыну нормаларына өзгерістерді қарастырды.
Кеңес Төрағасы С.Есиловтың атап өтуінше бекітілетін нормалар қалалықтарды есепке алу аспаптарын орнатуға ынталандыруы тиіс. Кері жағдайда, аталған нормаларға сәйкес коммуналдық қызметтердің төлемін жасауға тура келеді, ал бұл тұтынушы үшін барынша шығынды болып табылады.
Бұдан өзге, бірқатар өзгерістер әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету, шетелдік қызметкерді және Астана қаласының аумағында еңбек қызметін іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жұмыс берушілердің еңбекпен қамту рұқсатын беру және ұзартуға байланысты әкімдіктің қаулыларына да өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, өзгерістер «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ құруға байланысты құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу нәтижесін азаматтарға ұсынылуын жүзеге асыратын мекеме атауына қатысты болды.
Қалалық Қоғамдық кеңсе отырысының жұмысында мүдделі мемлекетті органдардың, қоғамдық мекеменің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатысты.