З.Р.Шибкенованың төрағалық етуімен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша астаналық мәжілістің тұрақты комиссиясының кезекті отырысы болды.
10.08.2016
Халық қалаулыларының қарауына екі мәселе ұсынылды. Мәселен, әлеуметтік және тұрғын үй саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бөлінген, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану туралы депутаттарға қалалық құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рыспеков баяндады.
- Соңғы үш жылда 1004 білім объектісі, соның ішінде 15 жалпы білім беретін мектеп, 19 балалар бақшасы пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау жүйесі саласында 10 объекті тапсырылды, оның 3-уі – 2013 жылы, 2-уі – 2014 жылы, 5-уі – 2015 жылы. Тұрғын үй құрылысында 312,5 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5619 пәтер пайдалануға берілді, өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша барлығы 3209 пәтер тапсырылды,- деп хабарлады Т.Рыспеков.
Сонымен бірге басқарма көп пәтерлі тұрғын үйлерге коммуникация жүргізу, сондай-ақ 1,2,3 учаскелерде Есіл өзенін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, баяндамашының мәліметі бойынша осы жылы Көктал тұрғын үй массиві ауданында балалар тәулік бойы болатын 240 орындық мамандандырылған санаториялық-мектепке дейінгі мекеме пайдалануға тапсырылды. Сондай-ақ, 1 қыркүйекке қарай Конституция көшесінің бойынан 600 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп жұмысын бастайды, жылдың соңына дейін 800 орынға арналған КТМ, 375 орынға арналған түзету мектебін, мектептерге әрқайсысы 520 орынға арналған 2 жапсарлас құрылысты, сондай-ақ «Рябинка» балалар бақшасына 60 орынға арналған жапсарлас құрылысты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сонымен бірге мектептерді қайта тығыздау сияқты қиындық тудыратын мәселелерді шешу мақсатында, № 32, 37, 16 мектептерге әрқайсысы 520 орынға арналған жапсарлас құрылыс салу басталды.
Денсаулық сақтау объектілеріне қатысты айтатын болсақ осы жылы, қазан-қараша айларында тапсыру жоспарланып отырған, тәулігіне 274 шығуға арналған жедел жәрдем станциясы құрылысын, Теміржол станциясы тұрғын үй массивінде 500 төсектік туберкулезге қарсы диспансер, сондай-ақ сот-психиатриялық сараптама бөлімшесін салу жұмыстары жалғасуда. Астана қаласының психоневрологиялық әлеуметтік мекемесі үшін 100 төсек-орындық жапсарлас құрылыс салуды 2017 жылы аяқтау белгіленіп отыр.
Қазіргі уақытта жалпы ауданы 118,3 мың шаршы метр немесе 2068 пәтерлік 9 көп пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда, пайдалануға беруге тапсыру 2016 жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланып отыр.
- Жергілікті атқару органдарының облигацияларын шығару арқылы 2016 жылға арналған дағдарысқа қарсы жоспарды жүзеге асыру аясында бізбен бір тұрғын үй кешенінің құрылысы басталды және екі ТК бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілді, - деп сөзін жалғастырды құрылыс басқармасының басшысы.
Талқылау барысында депутаттар астанадағы 2008-2010 жылдардағы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысының қашан аяқталатындығын сұрады. Баяндамашының мәліметі бойынша аталмыш бағдарлама аясында 310 пәтерді тапсыру қалды, бұл жұмыс ағымдағы айдың соңына дейін аяқталатын болады. Сондай-ақ халық қалаулыларының жалпы білім беретін кәсіптік-оқу орталығы ғимараты құрылысының жағдайы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, ол бөлінген қаражаттың жартысының игерілгендігін, объектіні қабылдау 2017 жылға болжанып отырғандығын да айтып өтті.
Сондай-ақ депутаттар Астана қаласы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің өтінішін де қарады.
Қалалық кәсіпкерлер палатасының өкілі Нұржан Букиннің сөзі бойынша, астананың боулинг клубынан боулингке арналған ойын жолына белгіленген салық мөлшерлемесін төмендетуге жәрдем көрсету мүмкіндігін қарастыруды өтінген, ұжымдық өтініш түскен.
- Салық кодексінің 422 бабына сәйкес айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері анықталған. Мәселен, боулингтің бір жолына ең төмен мөлшерлеме 5 АЕК, ең жоғарысы – 83 АЕК құрайды. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы шешімі бойынша, орта есеппен алғанда боулинг клубта 7-8-ге жуық ойын жолы бар екендігін, олардың жылына орта есеппен 13 миллион теңге салық төлейтіндігін ескере отырып, Астанада бұл мөлшерлеме бір ойын жолына 72 АЕК мөлшерінде белгіленген,- деп астана кәсіпкерлерінің өтінішінің мәнін түсіндіріп өтті баяндамашы.
Талқылау қорытындылары бойынша депутаттар қандай да бір өзгерістер енгізу үшін нақты әдістеме әзірлеу қажет екендігін айтып өтті, ал мемлекеттік кірістер органына қалыптасқан жағдайды едәуір объективті қарастыру үшін міндетті түрде хронометражды зерттеу жүргізуді және осы мәселені тұрақты комиссияда қайтадан қарауды тапсырды.
Бюджеттік комиссия отырысына қалалық мәслихат хатшысы Жанат Нұрпиисов, астана басқармаларының және ведомстволарының, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-ның өкілдері қатысты.