Астана қ. мәслихатының депутаты Пригородный кентінің тұрғындарымен кездесті
22.08.2016
2016 жылғы 19 тамызда депутат Әбден Қарақат Жақсылыққызы Пригородный кентінің тұрғындарымен кездесті, кездесу барысында тұрғындар кенттің өзекті мәселелері туралы айтып берді.
Тұрғындардың айтуынша, Пригородныйда жергілікті мектепте орын жетіспейді, емхана, монша, учаскелік полицей шалғайда орналасқан, Жаңа Аэропорт көшесі бойынша автожол бойында тротуар жоқ.
Сапар барысында депутат Жаңа Аэропорт көшесі бойынша автожол телімін Қабанбай батыр даңғылынан Арнасай көшесіне дейін екі жағынан тротуармен абаттандыру мәселесінде қолдау көрсетуге уәде берді. Аталған сұрақтар бойынша сол күні Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М.Хорошунның атына депутаттық сауал жолданды.
Депутат тұрғылықты жерінің жағдайына бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға кездесуге қатысқандары үшін алғыс білдірді.