Астана қаласының мәслихатында әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті, ондағы әңгіменің басты тақырыбы – халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру болды.
24.08.2016
Астанада салауатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру, сондай-ақ аурудың алдын алу жөніндегі жұмыс жүйелі жүргізілуде. Бұл мәселені шешумен әр түрлі сауықтыру шараларын өткізетін, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» айналысады, осы жерде астаналықтар глюкоза, холестерин және артериялық қысым деңгейін тексере алады, сонымен қоса басқа экспресс-тестілерден өтеді.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Қуанышқалиевна кездесу барысында айтып өткендей, астаналықтардың көпшілігі берілген мүмкіндікті пайдаланбайды, ал тіпті кейде міндетті болып табылатын, скринингтік тексерістен де өтпейді.
Осындай жағдайларды барынша азайту үшін денсаулық сақтау басқармасы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС бірлесе отырып, өзінің ұсыныстарын әзірледі.
Алдағы уақыттағы басты жаңалықтардың бірі – скринингтік тексерістен өту қажеттілігі туралы еске салатын, БАҚ арқылы ақпараттандыру болып табылады. Сонымен бірге, шетелдік тәжірибеге сүйене отырып қоғамдық орындарда, кез келген қалаған адам температурасын, қысымын, дене салмағын өлшей алатын, ал қандай да бір ауру анықталған жағдайда жолдама алуына болатын, Денсаулық киоскілерін ашу жоспарлануда.
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» мамандарының пікірі бойынша салауатты өмір салты мәселесіне көбірек назар аударуды қажет ететін, насихаттау қызметінде БАҚ үшін де жұмыс табылды.
Сонымен қоса, Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы қаладағы түрлі спорт ұйымдары мен фитнес клубтардағы бағалардың қолжетімділігі туралы мәселені қарастыруда.
Комиссия отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы, қалалық құрылым басшылары, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.