Қала алдағы жылыту маусымына 90,5 пайызға дайын.
26.08.2016
Мәслихат депутаттары құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қаланың 2016-2017 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық мәселесін талқылады. Жылыту маусымын ұйымдастыру бойынша қабылданған шараларға қарамастан, астанада қызмет көрсететін ұйымдардың теңгеріміне берілмеген, не тұрғындар жылу желілерін күрделі жөндеуге қаражат беруден бас тартып отырған, тұрғын үй кешендері бар.
Анықталғандай, осы уақытқа дейін жылыту маусымына әзірлік паспорттары жоқ сол тұрғын үй ғимараттарынан 26 үй осы рәсімді аяқтауда. Кідіріс тұрғындардың жөндеуге қажетті қаражатты беруден бас тартуына байланысты орын алған. Қазіргі күні алты үй қиындық тудырып отыр.
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысының қатысушылары атап өткендей, құрылыс салушылар жылу желілерін «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның теңгеріміне бермеген, тұрғын үй кешендері де бар. Соның бірі – Кенесары, 51 мекенжайында орналасқан. Абай 45/1 және 45/2 ТК-нің жылу желілері де пайдалануға берілмеген.
Депутаттар заңнамаға, пайдалануға беруге тапсырылмаған және қызмет көрсететін кәсіпорынның теңгеріміне берілмеген, жылу желілеріне жылу бермеуді көздейтін, өзгерістер енгізуді бастама етіп көтеруді ұсынды.
Жалпы алғанда, энергетика басқармасының басшысы Бақытбек Жапаев хабарлағандай, 2 175 тұрғын үй ғимараттарындағы 2255 объектінің тұрғындары алдағы қыстан қауіптенбесе де болады. Сонымен бірге, 32 денсаулық сақтау объектілерінің 30-ы, 157 білім беру объектілерінің 152-сі, және 11 мәдениет объектілерінің – 11-і қысқа дайын.
- Қазіргі таңда ЖЭО-1, ЖЭО-2 өрістету және қайта жаңғырту бойынша жобалар әзірленуде, сондай-ақ ЖЭО-3 құрылысы аяқталды. Осы жылы ЖЭО-1-де күл-қоқыс құбыры мен ағартылған судың құбырларын ЖЭО-1-ден ЖЭО-2 күл үйіндісіне дейін салу жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады, - деп атап өтті басқарма басшысы. – Жылыту маусымы басталғанға дейін ЖЭО-2-де жалпы жылу қуаты 400 Гкалл құрайтын № 7 қазандық агрегаты мен 5 және 6 су жылытатын қазандықтарды іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, Бақытбек Жапаев уәде еткендей, келесі жылғы жылыту маусымында ЖЭО-3 те (бірінші кезек) өз жұмысын бастайды.
Баяндамашы айтып өткендей, болашағы бар аудандарда қолда бар магистралдық жылу желілерінің тозуын төмендету үшін республикалық бюджет қаражатының есебінен оларды қайта жаңғырту жүргізілуде. Осы жылы 3 шақырымдық ЖМ-2, 5,7, 18, 20, 23 және Күмісбеков көшесіндегі ЖМ-ның жылу желілерін қайта жаңғырту, сондай-ақ екі жылу павильонын салу жоспарланып отыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының аясында 4 және 5 жылу магистралдарының құрылысы да жүргізілуде. Оларды салу ЭКСПО, жаңа вокзал, Мыңжылдық аллеяларының аймағын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жаңа объектілердің сенімділігін арттыру және іске қосу үшін қолда бар және жаңа қосалқы трансформатор станцияларын, 110 және 10 кВ электр берілісінің кабельдік және әуе желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Тұрақты комиссияның жұмысына мәслихат сессиясының төрағасы З.Р.Шибкенов, мәслихаттың тұрақты комиссиясының басқа да мүшелері, қалалық құрылым басшылары, меншік пәтер иелері кооперативі Қауымдастығының, қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.