ДЕПУТАТТЫҢ НАЗАРЫ ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕ
02.09.2016
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында және елді дамытуға қатысты өзге стратегиялық құжаттарда қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жоғарылатуға, еңбек адамына қолдау көрсетуге, олардың еңбек және әлеуметтік-экономикалық сұрақтарын уақыттылы әрі сапалы шешуге баса назар аударылады.
Астана қаласының атқарушылық, өкілдік органдары, қадағалау және бақылау органдары, кәсіподақтар және өзге қоғамдық мекемелері заңдар нормаларын қадағалауға, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік қарбаластықты шектеу, еңбек адамдарының еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін түсіндіруге бағытталған көптеген әртүрлі іс-шаралар жүргізуде.
Еңбек адамының мәселелік сұрақтарын шешу, заңнамалық нормалар мен оларды іске асыру жөнінде кеңес беруді және түсіндіруді ұйымдастыру мақсаттарында Астана қаласының Кәсіподақ Орталығы Астана қаласының теміржол жүйесі қызметкерлері үшін Кәсіподақтар үйінде 2016 жылдың 31-тамызында жұмысшыларды, жұмыс беруші өкілдерін және азаматтарды кезекті Қоғамдық қабылдауды ұйымдастырды.
Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмысына қатысып және келушілердің сұрақтарына қалалық мәслихат депутаты Қарақат Әбден, Астана қаласы бойынша Ақмола көлік прокурорының прокуроры Самал Сахатова, ҚР Денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және көші-қоң Министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қоң Комитетінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Орал Мукияев, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау Басқармасы басшысының орынбасары Канат Токтыбаев, теміржолшылар кәсіподағының «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев жауап берді.
Қабылдауға 7 адам келді, олардың сұрақтары қарастырылды және кеңестер берілді. Айрықша қарастыруды және олардың іске асырылуы үшін уақыт талап етілетін жеке сұрақтар шешілуі тәуелді мекемелерге бағытталды. Оларды қарастыру және іске асыру қорытындылары бойынша арызданушыларға жазбаша жауаптар берілетін болады.
Қоғамдық қабылдау өзінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін іске асыру және қалпына келтіруде еңбек адамына ықпал ету, заңнамалық нормаларының бұзушылық фактілеріне оперативті назар аудару, кәсіподақ комитеттеріне құқықтық қолдауды қамтамасыз ету, қызметкерлерге кеңестік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды көрсету мақсаттарында ұйымдастырылады.