Елорда мәслихатының депутаты Асхат Оралов Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттарымен елордалық жастар көшбасшыларының кездесуін ұйымдастырды
08.09.2016
Астана қаласы мәслихатының депутаты Асхат Оралов және Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде елордалық жастардың көшбасшыларымен кездесті.
Іс-шараның ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы.
5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамды талқылау ойынша пікір талас алаңынын модераторы Астана қаласы мәслихатының депутаты – Оралов Асхат Раздықұлы болды.
Кездесу барысында Мәжіліс депутаты заңнамалық қызметі және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуының аралық нәтижелері туралы айтып берді.
«5 институционалдық реформаның жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам еліміздің дамуы үшін үлкен стратегиялық маңызға ие. Президент Н. А. Назарбаев Жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия қызметінің аралық нәтижелеріне арналған жиналыста сөз сөйлегенде, бүгінгі 100 қадамның 23-і толығымен орындалғанын атап өтті. Жастар біздің болашағымыз, сондықтан да сіздердің пікірлерініз бізге маңызды. Әр кездескен сайын жалындап тұрған жастарды көріп, жұмысымыз алға жүре береді. Заң шығарушы орган есебінде Парламент Мәжілісінде Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде қолдан келгенше жастардың бастауымен істеліп жатқан жобаларды біз қолдаймыз. Осындай кездесулердің мақсаты бүгінгі заманға сай озық ойларынызды, жақсы пікірлерінізді білу үшін, талқыға салу үшін ұйымдастырамыз», - деді ол сөз сөйлеу барысында.
Сұхбат кезінде студенттер Бес институционалдық реформа - Қазақстан үшін еліміздің әлемдік деңгейде бәсекелестік айқындықты құру және іске асыру үшін өмірлік қажеттілікті талқылады.
Кездесу барысында пікір талас алаңының қатысушылары көкейлерін тескен сұрақтарын қойып, өздерінің жаңалықтарымен және идеяларымен бөлісті. Оған қоса, қатысушылар осында іс-шараларды ұйымдастыруда «Нұр Отан» партиясының зор рөлін атап өтті.
Сәл ертерек Ақордада, Жаңғырту бойынша Ұлттық комиссия қызметінің аралық нәтижелеріне арналған жиналыс өткенін айта кету керек. Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаев өткен кезеңде жасалған жұмыс реформаларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар жасап бергенін ескертті. Елбасы жиналыс барысында: «Ұлт жоспарының сапалы іске асуы – біздің бірінші кезектегі жұмыс» - деп атап өтті.