Астананың туристік келешегі
16.09.2016
Астананың Қоғамдық кеңесінің отырысында әкімдік басқармалары қала халқына ұсынатын мемлекеттік қызметтерді реттеу мәселелері қарастырылды. Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасының басшысы Алишер Абдыкадировтың баяндамасы қызу пікірталас тудырды. Өз баяндамасында ведомство басшысы қатысушыларға басқарма ұсынатын мемлекеттік қызметтер туралы баяндады, олардың қатарында туристік және операторлық қызметке лицензия беру, туристік ақпарат беру, атап айтқанда, туристік әлеует, туристік нысандар туралы ақпарат беру және үшінші мемлекеттік қызмет туристік бағыттар туралы тізілімнен үзінді-көшірме беру қызметтері бар. Өтініштерді қабылдау және азаматтардың нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы жүзеге асырылады, оның мерзімі – жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күні, бұдан басқа үш жұмыс күні ішінде лицензияларды қайта ресімдеу бойынша мерзімдер қарастырылған.
- Бұл жаппай көрсетілетін ауқымды мемлекеттік қызмет емес екенін бірден айтып кету керек, 11 айдың ішінде небары 11 лицензия берілді. Қалада 170 туристік оператор бар, қарапайым есепке шаққанда ай сайын бір лицензия берілген болып шығады. Туристік ақпарат және туристік бағыттар туралы үзінді-көшірмелер беруге келетін болсақ, мұнда біз мердігерлерсіз жұмыс жасаймыз. Мерзімі 15 күн, дегенмен мұндай ақпараттар «Welcome to Astana» сайтына орналастырылатындықтан келешекте мұндай мемлекеттік қызмет қажет болмайтыны анық.
Қоғамдық кеңес мүшелері басқарма басшысының қатысып отырғанын пайдаланып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Мысалы, қалада және аймақта туристік қызметті дамыту бойынша қандай шаралар қолға алынып отыр?
- Біз өзіміз үшін қазіргі кезде Астанада оқиғалық және іскерлік туризм дамып от ыр деген қорытындыға келдік. Медициналық туризм саласының да болашағы бар. Бұл – негізгі бағыттар – деді Алишер Абдыкадиров. – Шетелдіктердің келуін арттыру біздің қызметіміздің мақсаттарының бірі. Екінші мәселе – Астанаға келу уақытының ұзақтығын арттыру. Санаққа сәйкес Астанада туристердің аялдау ұзақтығы 1,7 тәулікті құрайды, ал басқа мемлекеттердің астаналарында, мысалы, Венада, Берлинде бұл көрсеткіш 2 тәулікке жетіп отыр. Үшінші мақсат – туристер қалада көбірек қаражат қалдыруы үшін орташа чекті арттыру болып табылады, - деп жалғастырды.
Ведомство басшысының сөзіне сәйкес, бүгінгі таңда қонақ үйлердің жүктемесі өз төмен болып отыр, көрсеткіш орта есеппен 25 % шамасында, салыстырмалы түрде алатын болсақ, Дубайда бұл шама - 84 %. Бүгінгі таңда басқарма оқиғалық туризм күнтізбесін дайындау үстінде және қыркүйек айының соңында жеке бағыттар бойынша жаңа стратегияның тұсауын кеседі.
Қоғамдық кеңес мүшелері отандық туризмнің жаңа салаларын қалыптастыру туралы ойналып, экстремалды және экологиялық туризмді ұсыну туралы айтты.
Бұл бағыттарда да жұмыстар жүріп жатыр. Ведомство басшысының сөзіне сәйкес, қазір ауқымды туристік жинақ қалыптасу үстінде, оның шеңберінде астананың басты оқиғасы – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі жоспарланған. Осындай бағыттардың негізгі мақсаты – көрмені және Астананы көрсету, жинақ шеңберінде басқа да туристік өнімдерді ұсыну.
- Біз ЭКСПО-2017 шеңберінде барлық қалаларды, тіпті Байқоңырды да қамтыдық, - деді Алишер Абдыкадиров, - аз уақыт бұрын біз Ресей және Қытай туристік операторларына ЭКСПО бойынша туристік жинақтардың тұсауын кестік. Осы жинақтарда Қорғалжын қорығы, Бурабай, Баянауыл курорттық аймақтары және алғашқы ғарыш айлағы – Байқоңыр қаласы қамтылды.
Оның сөзіне сәйкес, шешімін табуы тиісті жалғыз мәселе – аталған бағыттардың көліктік қол жетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда туристерге Қазақстандағы барлық қызықты орындарды көрсету үшін тез арада логистикалық мәселелердің шешімін табу керек, сәйкесінше болашақта туристер ағымын реттеуге де мүмкіндік пайда болады.
Бұдан басқа, Қоғамдық кеңес мүшелері өңірлік жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерін құру туралы әкімдік қаулыларының жобасын, сәулет, қала құрылысы басқармасы, тұрғын үйлер басқармасы көрсететін мемлекеттік қызметтер регламентін қарастырды.
Қоғамдық кеңес отырысына сәйкес басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.