Депутат Бекишев Есенжол Тускеновичке алғыс
19.09.2016
Біз, Астана қаласының Алматы ауданы «Астаналық» ПИК басшылығы, басқарма мүшелері және үй тұрғындары қалалық мәслихат депутаты Бекишев Есенжол Тускеновичке «Астаналық» ПИК үйлері тұрғындарының түйткілді мәселелерінің шешімін табуға көрсеткен көмегі үшін ризалық пен алғыс білдіреміз.
Тұрақты түрде подъездерде жөндеу жұмыстарын жүргізу, құрылыс материалдарын сатып алу түрінде демеушілік көмек көрсетеді.
Бірінші кезекте аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тыл ардагерлеріне көмек қолын созады. Ауғанстандағы соғыс ардагерлеріне де баса назар аударады.
Жыл сайын қарттар күні мерекесін тойлап, мерекелік сый-сияпатын ұсынады.
Бұл игі істердің біз білетін аз ғана бөлігі, ал Есенжол Тускеновичтің округы шағын емес, барлық жерде қала тұрғындарының, округ тұрғындарының игілігі үшін жұмыс жасалады.
Біз құрметті депутат Есенжол Тускеновичке зор денсаулық, адами бақыт, барлық істеріне сәттілік пен жетістік тілейміз.
"Астаналық" ПИК әкімшілігі, басқарма мүшелері және үйлер тұрғындары.