Астана қаласы мәслихатының депуттары Асхат Оралов пен Саят Батпенов «Жастарды қолдау» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысын өткізді.
20.09.2016
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында «Жастарды қолдау» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының отырысы өтті. Кездесу Астана қаласы мәслихатының депутаты Оралов Асхат Раздықұлының төрағалығымен өтті.
Кездесуде комиссия жұмысының жаңа бағыттары және Мемлекеттік жастар саясатының Астана қаласында жүзеге асырылуын талқылады. Күн тәртібінде, көптеген сұрақтар болды, жекелей алсақ, «Жастарды қолдау» бағыты бойынша партиялық куратор комиссиясының құрамын бекіту.
Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жұмысы туралы, сондай-ақ, Мемлекеттік жастар саясатының Астана қаласы бойынша іске асырылуы туралы басқарма басшысының міндетін атқарушы Ербол Рыспаев баяндады.
«Астана – белсенді және талантты жастардың қаласы. Бүгінгі күні 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 213 мыңнан астам, немесе жалпы халықтың 25%-ын құрайды. Өткен жылы елордада жастарға арналған 30 жоба іске асырылып, 150-ден астам іс-шаралар өткізілді. Мектеп оқушылармен және студенттермен тұрақты жұмыс жүргізілуде, аула клубтары жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуде таптырмас орынға айналуда» - деді ол.
Оған қоса, оның айтуынша, жыл сайын мыңдаған студенттерді қаланың көгалдандыру және құрылыс жұмыстарына бағыттайтын «Жасыл ел» бағдарламасы тиімді жұмыс атқарып келеді. 2015 жылы осы бағдарлама аясында 1500-ден астам жастар әртүрлі компанияларға жұмысқа орналастырылған.
Басқарма ақпараты бойынша, осы жылы «Жас Отан» ЖҚ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 6 жоба жүзеге асырған. Оның ішінде, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жоба «Тәуелсіздік тірегім» жобасы, ҚР Мемлекеттік Рәміздер күнін тойлау бойынша, «Жасыл ел» студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтары, Жастар Жалыны - 2016 және басқа да жобалар бар.
Қазіргі күні жастарды жұмыспен қамту бағытында жүргізілудеү Осы орайда негізгі назар жастарға кәсіби бағдар беруге жасалынуда. Мысалы, биыл «Жастар» сарайында сауда-экономикалық профилі бойынша бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Іздеушілерге 140-там астам жұмыс орындары ұсынылды20 шақты адам жұмысқа орналастырылды.