Мәслихат депутаттарын, «Жыл мұғалімі – 2016» байқауының жеңімпаздарын құттықтаймыз
30.09.2016
Қалада Мұғалімдер Күнін тойлауға және Астана қаласының мәслихат хатшысы Нүрпейсов Жанат Ғазизұлы қатысқан «Жыл мұғалімі – 2016» қалалық байқауының қорытындысын өткізуге арналған дәстүрлі салтанатты іс-шара өтті.
Марапатталғандар арасында астаналық мәслизат депуттаттары, қаланың білім мекемелерінің басшылары барын қуанышпен атап өтеміз. Үздік инновациялық мектеп қалалық мәслихаттың депутаты Умербаева Рәмзия Фаатқызы басқаратын № 17 мектеп-лицей танылды.
Астана қаласы мәслихатының депутаты Гаипов Зулфухар Сұлтанұлы басқаратын Көлік және коммуникация колледжі техникалық және кәсіби білім беретін үздік ұйым болды. Колледжге «Үздік колледж» мәртебесі берілді.
Қалалық мәслихаттағы депутат әріптестеріміз Умербаева Рәмзия Фаатқызын, Гаипов Зулфухар Сұлтанұлын және олардың ұжымдарын лайықты жеңістерімен және келе жатқан «Мұғалімдер Күні» мерекесімен құттықтаймыз, жаңа жеңістер, бақыт және амандық, олардың игі істеріне жетістіктер тілейміз.