Мәслихат депутаты Оралов Асхат өз округінде «Менің үйім, менің көшем, менің қалам!» акциясын өткізді
07.10.2016
Мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздықұлы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімшілігімен бірлесе, өз округінде «Менің үйім, менің көшем, менің қалам!» акциясын өткізді.
Қ. Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан 11 үйдің алаңына абаттандыру жұмыстары жүргізілді: футбол, баскетбол, бүлдіршіндер ойын алаңы, көліктерге тұрақ, тұрғындарға жаттығу алаңы, жолдарды асфальттау жұмыстары салынып және салтанатты концерттік бағдарлама қойылды. Аталмыш мейрам Астана қалалық мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздықұлының және Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімшілігімен бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
Шараны Астана қалалық мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздықұлы, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімшілігінің аппарат жетекшісі Саметов Ғалымжан Ақылбекұлы ашып тұрғындарды құттықтады.
Депутат өз сөзінде, округ тұрғындарына тұрақты түрде қолдау көрсетумен қатар, әр түрлі бағыттарда шаралар легін ұйымдастыратынын атап өтті.
Шараның салтанатты бөлімінен кейін, тұрғындарға арналған байқаулар, ойындар, спорттық жарыстар жалғасын тапты.
Концерттік бағдарлама соңында, тұрғындар депутатқа және «Алматы» әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, шара естелік суретке түсу рәсімімен тәмәмдалды.