Астанадағы атаулары бірдей көшелерге жаңа атау беру ұсынылды
13.10.2016
Бұқаралық тыңдалым барысында Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Толеугали Кишкашбаев мәслихат депутаттарының қарастыруына жекелеген көшелердің атауларын өзгерту, жаңа көшелерге атау беру және мектептер мен басқа дап мекемелерге атаулар беру мәселесін ұсынды.
Оның сөзіне сәйкес, 2015-2016 жылдары Астана қаласының ономастикалық комиссиясына қала және өңір тұрғындары мен зиялы қауым өкілдерінен келіп түскен 77 ұсыныстың бүгінгі таңда қарастыруға 20 ұсыныс берілген.
– Жүргізілген мониторинг нәтижесінде астанада атаулары бірдей көшелер бар екені анықталды. Мысалы, қалада Жамбыл Жабаев, Тарас Шевченко, Иван Панфилов атындағы көшелер қос-қостан. Осыған байланысты көшелердің біріне ескі атауын қалдырып, екіншісіне жаңа атау беруді ұсынамыз. Бүгінгі таңда көшелерге Бұқар Жырау, Нияз Би, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Қайым Мұхамеджанов, Рабиға Есімжанова, ханшайым Сүйінбике, Сәкен Жүнісов және т.б. атын беру туралы ұсыныстар бар. Сонымен қатар, А193 көшесін Бейімбет Майлин көшесімен біріктіру ұсынылады, - деп айтып кетті ведомство басшысы.
Отырыс барысында баяндамашы астанадағы ең үлкен көшелердің біріне белгісі саяси қайраткер Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығына байланысты атау беру туралы ұсыныстардың өте көп түскенін айтып кетті.
Кеңінен талқыға түскен мәселенің бірі Орынбор көшесінің атауын Мәңгілік ел атауына өзгерту болды. Депутаттар бұрынғы атауын қалдыруды ұсынды, себебі Орынбор –Қазақстанның тұңғыш астанасы, сонымен қатар, оның маңында Ақмешіт, Түркістан, Сығанақ көшелері орналасқан.
Бұдан басқа, депутаттар астаналық кейбір мектептерге Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов және басқа да тұлғалардың есімдерін беру мәселесін талқыға салды.
Талқылау барысында депутаттар «Жастар» театрына Ж.Тәшенов есімін беруді ұсынды.
Бұқаралық тыңдалым нәтижелері бойынша халық қалаулылары барлық айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп, мәслихат сессиясында қарастыруға ұсыну алдында оларды Астана қаласының ономастикалық комиссиясының отырысында тағы бір мәрте талқылау қажет екенін айтты.
Бұқаралық тыңдалым жұмысына қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, аудан әкімдерінің орынбасарлары, қалалық басқармалар, ПИК ассоциациялар басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.