Маслихат столицы дал согласие на назначение трех акимов районов города
20.10.2016
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар Астана қаласының әкімі А.О.Исекешевтың ұсынысын қарастырып, үш ауданның әкімдігіне ұсынылған үміткерлерді бірауздан қолдады және "Алматы" ауданының әкімі лауазымына Сарсембаев Адльбек Зейнуллаевичті, "Есіл" ауданының әкімі лауазымына Булекпаев Ермаганбет Кабдуловичті, "Сарыарқа" ауданының әкімі лауазымына Турлубек Арман Алашулы тағайындауға бірауыздан келісім берді.
Сарсембаев Адльбек Зейнуллаевич Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жеке тұлғалар кірістеріне салық салу бөлімінің инспекторы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің ұйымдастыру – бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы, Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Астана қаласы әкімінің аппаратында әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Осы уақытқа дейін астананың табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы лауазымында жұмыс жасады.
Ермаганбет Булекпаев әр түрлі уақыттарда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде жұмыс жасаған, Агенттіктің Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы өңірлік басқармаларына басшылық еткен, Астана қаласының тәртіптік кеңесі төрағасының қызметін атқарған. Осы уақытқа дейін Астана қаласының "Алматы" ауданының уақытшы әкімі болған.
Турлубек Арман Алашулы мәслихат хатшысы, Қарағанды облысы Сәтпаев қаласының әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарып, Қазақстан Республикасының Инновациялар және даму министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс жасаған.