Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы
27.10.2016
Жоба
Астана қаласы мәслихатының шешімі
(алтыншы шақырылған алтыншы кезекті сессия)
Астана қаласы 2016 жылдың «___»__________
«Астана қаласында жылыту
маусымына дайындық және оны
өткізу қағидасы туралы» Астана
қаласы мәслихатының 2014 жылғы
27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2013 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
«Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 8 тамызда № 829 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 тамыздағы № 91 «Астана ақшамы», 2014 жылғы 16 тамыздағы № 90 «Вечерняя Астана», газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімдермен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
2-тармақтың 8) тармақшасындағы «, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді» деген сөздер алынып тасталсын:
5-тармақтағы «Бақылау» деген сөз «Үйлестіру» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы М. Шекено
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы Ж. Нұрпейісов