Ұзақ салынып жатқан құрылыстар бойынша рейд
27.10.2016
Астана қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері қаланың құрылыс объектілері бойынша рейд шеңберінде аяқталмай қалған проблемалық үйлердің құрылысы мәселесімен танысты. Бірінші объект «Айсанам» ТК болды, қоғамдық кеңестің мүшесі, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның төрағасы Мұхтар Еркетаевтың айтуынша, ол 2016 жылдың аяғында пайдалануға енгізілетін болады. Үй пайдалануға берілмесе де, адамдар бұл үйге қоныстанып үлгерген. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Кулушевтің айтуынша, бұл объекті ертеректе «Азбука жилья» компаниясына тиісілі болған. Қазіргі күнде жосықсыз салушының үстінен сот жүріп жатыр, келешекте шоттар тыйым салудан босатылады және бұл үй өзінің заңдық негіздемесін алатын болады.
Пайдалануға енгізу 2013 жылға белгіленген «Айсанам де Люкс» ТК анағұрлым проблемалы болды. Қазіргі кезде үлескерлер ТҚК құрып, объектіні 2017 жылғы төртінші тоқсанда пайдалануға енгізуге уәде берген «Орда инжинеринг» жаңа тапсырыс берушімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Тұрғын үй кешені 400-ден астам пәтерден тұрады, бүгінгі күнде 90% дерлік пәтерлер сатылған. Инвесторлардың айтуынша, қалған пәтерлерді және бос тұрған үй-жайларды сату және «Азбука жилья» активтерін өз қарауына алу объект құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді. Мұхтар Еркетаев Қоғамдық кеңес шешімінің шеңберінде анағұрлым күрделі сұрақтар бойынша жан-жақты қолдауға сөз берді. Бұл сұраққа әлі күнге дейін «Азбука жилья» теңгеріміндегі активтер бойынша сот шешімі жатады. Үлескерлердің пәтерлерге қоныстану мүмкіндігі болуы үшін бұл үдерісті жеделдету керек.
Тағы бір проблемалы объектінің бірі «Фьючи Хоум» тұрғын үй кешені болды. Қоғамдық кеңес мүшелерінің объектіге келетіні туралы білген үлескерлер құрылыстың салыну тарихы туралы айтуға келді. Олардың айтуынша, бұл объектіге олар үш жыл бұрын ақша салған. Инвестор – «Номад Строй» компаниясы үйді 2015 жылдың бірінші тоқсанында тапсыруға уәде берген, алайда әлі күнге дейін объект аяқталмаған. Үлескерлер салушы-компанияның директорына шағыммен қаланың ІІД-не жүгінген, бірақ қорытынды әлі жоқ.
Қоғамдық кеңестің мүшесі Мұхтар Еркетаевтың сөзі бойынша, қазіргі күнде құрылыстың келешегі басты сұрақ болып табылады. Бұл ретте болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін қандай заңнамалық нормаларды өзгерту керектігін ескерген жөн. Қаланың Қоғамдық кеңесінің әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссиясы осы тәрізді ахуалдардан шығу жолын табу үшін ұсыныстар әзірлеуде.
Рейд барысында үлескерлердің инвесторды тауып және үйлерінің құрылысын өздігінен аяқтау мүмкіндігі үшін жосықсыз салушылардың активтерін үлескерлердің өзіне беру туралы бірнеше ұсыныстар түсті.