Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
28.10.2016
Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің қарауына нормативтік құқықтық актілердің бес жобасы енгізілді. «Астана қаласындағы жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» жобасы жайлы Астана қаласы әкімшілігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Олжас Омар баяндама жасады. Қаулы жобасы мүмкіншіліктері шектеулі жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге шақырды. Астана қаласы әкімшілігі Астананың жұмыс берушілерін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын анықтауға қаулы етті. Егер ұжым құрамында елу және одан да көп адам есепте болса, онда мүмкіншіліктері шектеулі жандардың саны 2%-ды құрауы қажет. 101-ден 250 адамға дейін - жұмысшылардың тізімдік санының 3%-ы мөлшерінде, егер кәсіпорын ұжымы 251 адамнан жоғарыны құраған жағдайда, мүгедектерге арналған жұмыс квотасы жұмысшылар санының 4%-ын құрайды. Жобада астаналық жұмыс берушілерге жұмыс орындарын ұсыну қажет болатын тұлғалардың санаты көрсетілді. Олардың арасында бас бостандығынан айрылу орындарынан босаған пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар да бар. Жұмыс квотасы жұмыс орнының жалпы санының 1% мөлшерінде белгіленді. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі көрсетілді. Кәсіпорын басшылары білім беру ұйымдарының бітірушілері болып табылатын, ата-анасынан айрылған немесе кәмелеттік жасқа жеткенше олардың қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс орнының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу қажет.
Әкімшіліктің «Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы мәселе де Қоғамдық кеңес мүшелерімен мақұлданды. Ауылшаруашылық басқармасы жетекшісінің м.а., баяндамашы Гүлмира Ермолдина өз баяндамасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құрумен байланысты көрсетілген қаулыда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құжаттарды қабылдау органының атауы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен алмастырылуы қажет екендігін айтты.
Астана қаласының «Пестицидтерді (улы химикаттарды) шығару (формуляция), пестицидтерді (улы химикаттарды) сату, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольды және фумигациялық тәсілдер қолдану бойынша әрекеттерді жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу жайлы ауылшаруашылық басқармасы жетекшісінің м.а., баяндамашы Гүлмира Ермолдинаның баяндамасында айтылды. Мемлекеттік қызметтер регламентінде мемлекеттік орган атауын - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ауыстыруды есепке ала отырып түсіндіру қажет.
Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері қала әкімшілігінің «Астана қаласы әкімшілігінің 2015 жылдың 20 қарашасындағы № 102-2131 «мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістен енгізу туралы» қаулы жобасы және маслихаттың «Астана қаласы аумағына құрылыстар салу мәселелері бойынша Астана қаласы маслихатының кейбір шешімдерінің күшін жоюын мойындау туралы» жобасы ескертусіз мақұлданды.