Жолдарды жөндеу және тұрғын үй қорына арналған бюджет
04.11.2016
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының Сәрсембек Жүнісовтың төрағалық етуімен өткен отырысында астананың тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселелерінің шешімін табуға қажетті соманы анықтады. Шығынды салалары ретінде білім беру, мәдениет және спорт, сонымен қатар, қаланың инфрақұрылым саласы анықталды.
Астана қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Алиби Жумаевтің сөзіне сәйкес бюджеттің жалпы көлемінде автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасы 15,6 пайызды иеленіп отыр, үш жылдық мерзімде көлік инфрақұрылымын дамытуға қарастырылған қаражат жол құрылысын әрі қарай жүзеге асыруға жұмсалатын болады.
Олардың арасында – шағын айналмалы жол өтпелі жобасының құрылысы, қаланың тұрғылық массивтерінде жолдар мен инженерлік желілер құрылысы және қайта жаңарту, Сейфуллин көшесін Бейсеков көшесінен бастап Абайдың 150 жылдығы көшесіне дейін салу және Қабанбай батыр даңғылын Достық көшесінен бастап Халықаралық әуежайға дейін, Баянтау көшесін №14 – №41 аралығында салу, коммуналдық автопарк пен коммуналдық базарға келу жолдарының құрылысы бар. Сонымен қатар, Манас даңғылынан бастап № 41 көшеден бастап Шығыс жоспарлы ауданындағы университет қалашығында №42 көшені осы учаскеден жалғастыру жоспарланған.
Жолаушы көлігі басқармасының да алдағы үш жыл уақытқа қойып отырған жоспарлары да ауқымды. Кейбір жолаушылар санаттарын субсидиялау шығындары, елді мекендердегі қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету, ведомстволық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың капиталдық шығындары және басқа да ағымдағы шығындар қарастырылған.
Өз баяндамасында қаржы ведомствосының басшысы Алиби Жумаев жалпы бюджет көлемінде жолаушы көлігі басқармасының даму бағдарламасының үлесі 35 пайызды құрайтынын, ол көлік инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысын реттеуге арналған техникалық құралдарды салу мен қайта жаңарту, «Жаңа көлік жүйесі» жобасын дамытуға арналған заңды тұлғалардың жарғылық капиталын арттыруға жұмсалатын айтқан.
Келесі жылы Астана қаласының тұрғын үй инспекциясында Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту бағдарламасы шеңберінде тоғыз үйге күрделі жөндеу жүргізу қарастырылған.
Комиссия мүшелері әр түрлі бағыттарда тоғысатын шығын баптарын тағы бір рет қарастыруды ұсынды.
Бағдарлама администраторларының бюджет жобалары – автомобиль жобаларын басқару, жолаушы көлігін басқару, тұрғын үй инспекциясы басқармасы жобаларын тұрақты комиссия мүшелері жалпы мақұлдады д»не оларды тұрақты комиссияның бірлескен отырысында қарастыру туралы шешім қабылдады.
Тұрақты комиссияның жұмысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нурпиисов, басқармалар басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.