ЭКСПО-ға іс-шара
09.11.2016
Тұрақты комиссия отырысында архитектура және қала құрылысы, кәсіпкершілік пен өнеркәсіп басқармаларының, сонымен қатар инвестициялар мен даму жөніндегі басқарманың үш жылға арналған бюджет жобасы қаралды.
Сонымен Астана қаласының инвестициялар және даму жөніндегі басқармасына ТКҚЖ, «Смарт Астана», сонымен қатар «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» ірі жобаларын жүзеге асыру күтіп тұр.
Алдағы жылдары жүзеге асырылатын негізгі жобалар Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге қатысты. Экономика мен бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Джусупованың айтуынша, осы қаражаттар туристік ақпараттық киоскілердің жұмыстарын жабдықтау мен ұйымдастыруға, серіктестік бағдарламасын жүзеге асыруға, жалпы, халықаралық көрме аясында дайындалатын сол жоспарланған іс-шараларға бағытталатын болады. Тағы бір «Қызмет көрсету саласына кадрлар дайындау жөніндегі қысқа мерзімдік курстарды ұйымдастыру» бағдарламасы, оның айтуынша, астанада гидтер мен экскурция жүргізушілерді дайындауға мүмкіндік береді. Бюджет жобасына қосымша туристік қызметті реттеуге қаражат қарастырылған. Бұл шығындарды имидждік өнімдер өндіруге, ақпараттық турлар жүргізуді ұйымдастыруға бағыттайды. Гүлнар Джусупованың айтуынша, бұл бағдарламалар Астананы дамытудың жаңа тұжырымдамасы аясында жүргізіледі. Негізгі бағыттар алдағы үш жылға арналған бюджет жобасында қарастырылды. Бағдарламалардың әкімшілері қазір 2017 жылдың бюджетін нақтылау үдерісінде талқыланатын қалған жобалардың тапсырыстарын қарастыруда.
Кәсіпкершілік пен өнеркәсіп басқармасына қатысты не айтуға болады, осы бағдарламалардың әкімшісіне аса маңызды жобаларды: «Бизнестің жол картасы-2020» аясында жеке кәсіпкерге қолдау көрсету, «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ несиелендіруі», «Бизнестің жол картасы-2020» несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау», сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» аясында шағын және орта бизнестің несиелерін жеке кепілдендіру» жүзеге асыру күтілуде.
Жалпы депутаттар бюджеттік бағдарламалардың жоғарыда көрсетілген әкімшілерінің бюджеттер жобасын мақұлдады.
Тұрақты комиссия отырысына Ж.Г.Нұрпиісов - Астана қаласы маслихатының хатшысы, басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.