Астана маслихатының депутаты Оралов Асхат Раздыкович ТМД қатысушы елдердің жастар парламентаралық ассамблеясының Сессиясына қатысты
04.11.2016
2016 жылдың 24-28 қазанында Санк-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған ТМД қатысушы елдердің жастар парламентаралық ассамблеясының Сессиясы өтті.
Делегация құрамына Белоруссияның, Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның, Қырғызстанның, Арменияның, Тәжікстан мен Молдованың жас парламентарийлері, жастар қозғалысының көшбасшылары, үкіметтің түрлі деңгейдегі заңнамалық және атқару органдарының өкілдері, ғалымдар, оқытушылар мен мәдениет қайраткерлері кірді.
Делегацияның келген бірінші күні ТМД ПАА Секретариаты өкілдерімен және Ресей ынтымақтастығы сессиясының отырысы өтті.
Сессияның ашылуы 25 қазанда ТМД қатысушы елдердің жастар парламентаралық ассамблеясы Координаторы, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Макенұлы Макеннің Төрағалық етуімен Таврия сарайында өтті. Сессия аясында халықаралық жастар ынтымақтастығының, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын заң шығару қызметінің, қоғамдық жастар дипломатиясының қазіргі мәселелері мен рөлінің, жастардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытын ұйымдастыру мәселелерінің, жастар бастамасының дамуы мен оларды қолдаудың, жастардың мемлекеттік басқаруының және өзін-өзі басқаруының басым бағыттары талқыланды.
Сессия барысында Астана қаласының мәслихат депутаты Оралов Асхат Раздыкович «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығы: ықпалдастықтың негізгі бағыттары және даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.
Сессиядан кейін делегация Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған ТМД қатысушы елдердің жастар парламентаралық ассамблеясының сессиясы бағдарламасына қосылған бірқатар мекемелерге болды.
Бірінші сапар Санкт-Петербургтің Жастар саясаты және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет ету жөніндегі комитет төрағасымен кездесу өткен Санкт-Петербург Әкімшілігі болды.
Бағдарлама барысында делегациялар, жастар халықаралық жобаларының тұсаукесері өткен академияның басшылары, табысты түлектері мен студенттерімен кездесу болған Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылық және мемлекеттік қызмет академиясының Солтүстік Батыс басқарма институтында болды. Сапар аяғында ТМД ЖПАА мен «Еуразиялық жастар ассамблеясы» халықаралық жастар ынтымақтастығының қоғамдық ұйымы арасында келісім-шартқа қол қойды.
Сонымен қатар, бағдарлама өзіне АТМО Университеті, Ғылымды қажет ететін компьютерлік технологиялар ҒЗИ, Меншиков Сарайы, «Красин» мұз жарғыш кеме мұражайы және т.б. сияқтыбірқатар мекемелерде болды.
Мәдени бағдарламаға Александринский театрындағы «Гамлет» спектакліне бару кірді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған ТМД қатысушы елдердің жастар парламентаралық ассамблеясының сессияның аяқталу сессия жұмысы қорытындыланған ТМД ЖПАА қорытынды отырысы болды.
ТМД ЖПАА келесі отырысы 2017 жылғы Қырғызстан Республикасының Чолпон-ата қаласына жоспарланды.
Іс-шара хаттамалық суретке түсумен аяқталды.