Аулаларды көркейту – астана үшін маңызды іс
10.11.2016
2016 жылғы 10 қарашада Мирас Шекеновтың төрағалық етуімен бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» үш ауданы бойынша шығыстар және экономиканы, қаржыны, коммуналдық мүлікті және мемлекеттік сатып алуды басқару қаралды.
Талқылау барысында, көзделген бюджеттен ішкі орам аумағын көркейтуге қаражат қарастыру мәселесі депутаттар тарапынан қолдау тапты. Жақында Абай даңғылы, Кенесары, Күйші Дина көшелерінде саябақтар пайда болады. Осы жерлерде көпшіліктің пайдалануы үшін спорттық алаңдар салынып, тренажерлік жабдықтар орнатылады.
Әліби Жұмаевтың сөзі бойынша, «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» аудандарының әкім аппаратына аудандарды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерін қамтамасыз етуге, елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға, аудандарды санитарлық күтіп - ұстауға, яғни селге қарсы іс-шаралар, көшелерді тазалау, жауын-шашындық кәріздерді пайдалану, санкцияланбаған күресіндерді жою және тағы басқа да шараларға қаражат бөлінген. Сонымен қатар, жерлеу орындарын күтіп - ұстауға және туысқаны жоқтарды жерлеуге, сондай-ақ елді мекендерді көркейту мен көгалдандыруға ақша көзделген.
Сонымен бірге, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, сондай-ақ коммуналдық мүлік пен мемлекеттік сатып алулар басқармасының бюджетінің үшжылдық жобасы қаралды.
Тұтастай алғанда, депутаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған бюджет жобаларын мақұлдады, айтылған ұсыныстарды ескере отырып, мәселе тұрақты комиссияның бірлескен отырысына қарауға берілді.
Тұрақты комиссияның отырысына мәслихат хатшысы Ж.Г. Нұрпейісов, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері қатысты.