Әлеуметтік сала – басты сала
22.11.2016
Астана қаласының қоғамдық кеңесінің отырысында астананың 2017-2019 жылдарға арналған бюджет жобасы мақұлданды. Астананың басты қаржылық құжатының жобасын қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин таныстырды.
Қала бастығының орынбасары астананың үшжылдық бюджетінің болжанған көлемі туралы айтып берді.
- Астананың 2017-2019 жылдарға арналған жергілікті бюджетінің жалпы көлемі 660,5 млрд. теңге сомада жоспарланған, оның ішінде келесі жылға 219 млрд. теңге, - деп хабарлады Андрей Лукин.
Бұл ретте ол әлеуметтік сала қалалық қазына шығындарының басты тармағы болып қалатынын атап өтті.
- Қаланың бюджеті әлеуметтік бағдарланған болып қалады. Тек әлеуметтік саланың өзіне ғана келесі жылы 90 млрд. теңге сомадан астам, немесе жалпы бюджеттің 41,3%-на шығыстар жоспарланған, - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.
Сөз сөйлеу барысында Андрей Лукин келесі жылы Астана қаласы республикалық бюджетті қалыптастыруға қанша мөлшерде өз үлесін қосатынын да хабарлады.
- Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңға сәйкес, бюджет жобасында келесі жылға бюджеттік алымдар көзделген – бұл шамамен 20,5 млрд. теңге, яғни барлық ел астананы салса, енді біз, астана, донор ретінде республикалық бюджетке қаражат дайындаудамыз, - деді Андрей Лукин.
Сондай-ақ баяндамашы жергілікті бюджеттің келесі жылы қандай кірістер алуға көзделгенін хабарлады, және астананың өз кірістерінің негізгі көзі болып еңбекақы қорынан түскен салықтық түсімдер табылатынын баса көрсетті.
- Түсімдер бойынша 2017 жылға арналған бюджет жобасы өз кірістері бойынша 212 млрд. 550 млн. теңге көлемінде айқындалды, бұл осы жылға бекітілген бюджетке қарай 32,5 млрд. теңгеге, немесе 18%-ға артқан. Жергілікті бюджет кірістерінде ең үлкен үлес салмақты – 90-нан 97%-ға дейін – салықтық түсімдер алатынын баса айтқымыз келеді. Соның ішінде едәуір үлес еңбекақы қорынан түскен салықтарға келеді – төлем көзіне салынатын, кірістерден жекеше табыс салығы, - 43% және әлеуметтік салық - 36%, - дейді әкімнің орынбасары.