Мәслихат хатшысы Ж.Г.Нұрпейісовпен кездесу өткізілді
23.11.2016
Әуезов көшесі бойынша №1 үйдің тұрғындары астана мәслихатының хатшысы, 1-сайлау округінен депутат Ж.Г.Нұрпейісовпен кездесті.
Кездесуге тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы А.Ж.Қуатбеков қатысып, пәтер иелеріне ПИК-пен қалыптасқан жағдайды түсіндірді және қала тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қамқорлық пен қолдау туралы айтып берді. Кездесу барысында депутаттың, әкімдік өкілдерінің, ПИК және үй тұрғындарының сындарлы диалогы болды.
Тұрғын үйде кеңес құрылған, ол туындаған мәселелерді қарайды және шешуде қолдау көрсетеді. Осылайша, тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы А.Ж.Қуатбеков зейнеткерлердің шатырды жөндеуде көмек көрсету туралы өтінішіне сметаны құрастыруда көмек беруге уәде берді.
Кездесуге үй тұрғындарынан басқа, тұрғын үйде орналасқан дүкендер мен орталықтардың өкілдері қатысты. Кездесу аяқталған соң үй кеңесінің үйлестірушісі Г.Ж.Касимова тұрғындардың атынан депутат, мәслихат хатшысы Жанат Ғазизұлы Нұрпейісовке кездесуге қатысқаны үшін алғыс білдірді.