Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы болып өтті
29.11.2016
2016-2018 жылдардағы Астана қаласының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы баяндамамен депутаттар алдында қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин сөз сөйледі. Кіріс бөлігін арттыру ең алдымен әкімшілік айыппұлдардың көбеюімен, өсімдер, санкциялар және өтеумен, сонымен қатар, бұрын жергілікті бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтарумен байланысты болды. Бұдан басқа негізгі капиталды сатудан түскен санат, мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сату, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру және жер телімдерін жалға алу құқығын сату ақысы бойынша жылдық болжам артқан. Бюджеттен шығындарға бөлінетін қаражаттың да мөлшері артқан, олар жыл сайын қосымша қаржыландыруды талап етеді. Қаражат «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдіктеріне елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыру бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталады.
Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов депутаттарға мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін сатып алу туралы келісім-шарттардың 20 жобасын ұсынып, ол бойынша шешімді депутаттар бірауыздан қабылдады.
Бұдан басқа, мәслихат шешімімен Астана қаласының әкімдігі жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша ведомствоаралық комиссияның, Астана қаласы әкімдігі жанындағы мал шаруашылығы мәселелері бойынша комиссияның құрамы бекітілді.
Сессия жұмысына Астана қаласының әкімінің орынбасары А.И.Лукин, департаменттер мен басқармалар басшылары, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.