Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді
06.12.2016
Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында халық қалаулылары бірнеше сұрақтарды қарастырды, оның ішінде әлеуметтік көмек көрсету ережелері, астананың мұқтаж азаматтарының жеке санаттарының тізбесін бекіту және көлемін айқындау, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғалардың қатысушыларының ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері болды.
Артем Әбілдинов, қаланың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы м.а., өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғалардың қатысушыларының ішінен саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне қатысты бұл оқиғаның ел үшін маңыздылығын атап өтті және депутаттарға желтоқсан оқиғаларына қатысушылардың әрбіріне қаржылай төлем түрінде әлеуметтік көмек бөлуді қолдауды ұсынды. Әлеуметтік көмек төлеу қаржылай қаражатты алушылардың жеке немесе карталық шотына аудару жолымен Астана қаласының екінші деңгейлі банктерінің бөлімшелері арқылы жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, депутаттар субсидиялар алуға ауыл шаруашылық тауар өндірушілер тізімін анықтау жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құрамына, мемлекеттік мүлікті, соның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаларды басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру үшін мехникалық тапсырманы әзірлеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия құрамына өзгерістер енгізуді қарастырды, мәслихаттың 2017 жылға жұмыс жоспары және басқа сұрақтарды талқылады.
Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында енгізілген барлық сұрақтар қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қарастыруға шығарылды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына Астана қаласы мәслихатының хатшысы Ж.Г.Нұрпейісов, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, департаменттер мен басқармалар басшылары, бұқараладық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.