Халыққа арналған маңызды мәселелер
07.12.2016
Есилов С.С. төрағалығымен өткен Астана қаласының Қоғамдық кеңес қарауына Астана қаласы мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары енгізілді.
Астананың Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Артем Абильдинов мұқтаж азаматтардың жеке санатына әлеуметтік көмек көрсету ережесіне енгізілетін өзгерістер туралы Қоғамдық кеңес мүшелерін ақпараттандырды. Атап айтқанда, тіс протездеуге әлеуметтік көмек (қымбат металлдардан протездерді қоспағанда) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерге, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар мен жасы бойынша зейнеткерлерге екі жылда бір рет беріледі. Алайда, оның сөзі бойынша, ауыз қуысын протез алды санациялауды өткізу бойынша іс-шаралар өкінішке орай, әлеуметтік көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізіміне енбеді.
Қоғамдық кеңес мүшелері ауыз қуысын тегін санациялау мәселесі қала тұрғындарымен сайлау алды кампаниялар уақытында, сайлау округтерінде, «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен кездесулер мен қабылдауларда бірнеше рет көтерілгенін атап өтті.
Қаланың қарт адамдарының медициналық қызметтердің көрсетілген түрлерін алуда материалдық жағдайы мен аса мәжбүрлігін ескере отырып, Қоғамдық кеңес мүшелері зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғалар үшін тегін жоспарлық стоматологиялық көмек көрсету және қалалық бюджеттен осы мақсаттар үшін қосымша қаржыландыру бөлу туралы ұсынысын қолдады.
Сонымен бірге, Қоғамдық кеңес мүшелерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаның қатысушылары қатарынан саяси қуғын құрбандарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелерінің жобасы және астанадағы жылыту маусымын дайындау және өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасы мақұлданды.
Қоғамдық кеңес отырысына қала мекемелеріннің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.