Астананың басты қаржы құжаты бекітілді
08.12.2016
Г.К.Қасеновтың төрағалығымен өткен мәслихаттың кезекті сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И.Лукин «Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» баяндама жасады. Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті Астана қаласының бесжылдық кезеңге (2016-2021 жылдар) әлеуметтік-экономикалық даму Болжамы негізіне сәйкес әзірленген.
2017 жылға бюджет 372 млрд. 868 млн. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде: республикалық бюджеттен трансферттер және несиелер 153,4 млрд.теңге құрайды, меншік кірістер – 212,6 млрд. млн. теңге.
2017 жылға бюджетте республикалық бюджетке 19 млрд. 539,9 млн. теңге сомасында алулар көзделген.
Бюджетте білім саласына, соның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге, астананың барлық ЖОО мен колледждерінің күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерін жеңілдікті жолақымен қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмек және қамсыздандыру, мәдениет, дене тәрбиесі және спорт саласына, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға, отын-энергетикалық кешенді дамытуға және көлік пен коммуникация дамытуға шығындар көзделген.
Үшжылдық бюджет өлшемдері ағымдағы жағдайды және қала дамуының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен өзара байланысты түзетілген болжамдық индикаторларын ескерумен қалыптастырылған. Астананың әлеуметтік бағытталған жылдық бюджеті негізіне әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау салаларында сұрақтарды шешу қойылады.
Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бойынша қорытындыны бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік сұрақтары бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Шекенов Мирас Ерғалыұлы жасады, ол талқылау барысында депутаттармен білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, көлік инфрақұрылымын, әсіресе қала шетінде дамыту, азаматтардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көптеген басқа да аса өзекті мәселелер көтерілгенін атап өтті. Депуттар көтерген көпшілік сұрақтар оң шешімін тапты, ал қазіргі бюджетте ескерілмеген сұрақтар бақылауға алынатын болды және әрі қарай бюджетті нақтылау кезінде мүмкіндігінше шешілетін болады. Жеке алғанда, азаматтардың жеке санаттары үшін ауыз қуысын санациялауға бюджеттен қаражат бөлу сұрағы оң шешімін тапты, бұл мәселе мәслихат депутаттарымен соңғы жылдар бойы көтеріліп келді, сондай-ақ білім басқармасы үшін оқулықтар мен қажетті санитариялық-гигиеналық құралдар сатып алуға қаражат бөлінетін болды. Жалпы алғанда қаланың бюджеті мақұлданды және оны бекітуге ұсыныс жасалды.
Депутат Қарақат Абден алдыңғы үш жылдың бюджет жобасын талқылау кезінде депутаттар мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің белсенділігін атап өтті. Бюджеттің әлеуметтік бағытталуы ескеріліп, тұрақты комиссиямен әлеуметтік-мәдени даму сұрақтары бойынша көптеген сұрақтар көтерілді. Депутат атап өткендей, көптеген сұрақтардың оң шешілгені қуантарлық жағдай. Жалпы алғанда қала бюджеті мақұлданды және бюджетті әрі қарай нақтылау кезінде әрі қарай зерттеуді талап ететін сұрақтарды шешуге назар аудару туралы ұсыныс енгізілді.
Бұдан басқа, мәслихат шешімдерімен «Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету ережелері туралы» мәслихат шешіміне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылдың 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар ішіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізу бекітілді. Астананың жұмыспен қамту, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Артем Әбілдинов зейнеткерлерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға тегін жоспарлы стоматологиялық көмек көрсету, және бұл мақсаттарға қалалық бюджеттен қосымша қаржыландыру бөлу сұрағы оң шешілгенін атап өтті, аталған сұрақтар алдыңғы үшжылдыққа бюджет жобасын талқылау кезінде депутаттармен, қала тұрғындарымен және «Астана қаласының зейнеткерлер қоғамы» қоғамдық бірлестігімен бірнеше рет көтерілген болатын. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстандағы 1986 жылдың 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар ішіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелеріне қатысты, Артем Әбілдинов бұл оқиғалардың ел үшін маңыздылығын баса айтты және депутаттарға желтоқсан оқиғаларының әрбір қатысушысына қаржылық төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуді қолдауды ұсынды, бұл ұсынысты өз кезегінде халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.
Астана қаласы әкімдігі жанындағы кейбір ведомствоаралық комиссиялар құрамы, мәслихаттың 2017 жылға жұмыс жоспары бекітілді.
Сессия жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И.Лукин, қала департаменттері мен басқармаларының басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.