Астаналық маслихатта Депутат күні өтті
20.12.2016
Астана маслихатында өткен Депутат күнінде халық қалаулылары алдында екі қалалық басқарма басшылары сөз сөйледі. Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік көтерме сатып алу басқармасы басшысы Ерсін Өтебаев мемлекеттік көтерме сатып алу мен коммуналдық мүлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жайлы, ал Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахмет астанада тұрғын үйдің қаншалықты қолжетімділігі жайлы әңгімеледі.
Еркін Өтебаев өз баяндамасында ел астанасындағы істер жағдайы көрінетін маңызды сандарға назар аударды. Мәселен, Астана қаласындағы коммуналдық меншікте 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Астанада құрамына 147-і мемлекеттік мекеме, жедел басқару құқығындағы 155 мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекеме (МКҚМ), шаруашылық жүргізу құқығындағы 38 мемлекеттік коммуналдық мекеме (МКМ), 9 акционерлік қоғам, 26 жауапкершілігі шектеуді серіктестік кіретін 375 заңды тұлға есепте тұр. Ведомство басшысының айтуынша, Астана қаласының коммуналдық меншігіне 2016 жылдың 11 айында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен 49,3 млрд.теңге сомасында нысандар қабылданды. Сонымен қатар, оның деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Астана қаласының коммуналдық меншігінде мемлекеттік емес мекемелер мен жеке тұлғалардан нысандарды қабылдау бойынша жалпы сомасы 3,9 млрд. теңгеге басқарма 69 мемлекеттік қызмет көрсетті. Коммуналдық меншікті жалға беруге қатысты айтатын болсақ, 2016 жылдың 11 айында Астана қаласының бюджетіне коммуналдық меншікті жалға беруден жоспар 299 млн.теңге болғанда, 406 млн.теңге түсті. Ерсін Өтебаев тағы да бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және олардың бір ведомоствосына қарасты ұйымдары жүргізген конкурстық комиссиялар ретінде басқарма өкілдерінің қатысу практикасы жайлы да айтты. Оның айтуынша, мұндай практика мемлекеттік көтерме сатып алу рәсімдерін жүргізудің айқындылығы мен сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
Бұны депутаттар да мақұлдады және олар коммуналдық мүлікті басқару бойынша жұмыстар тиімді және қала қазынасына пайдамен жүргізілетін болады деген үміттерін білдірді.
Халық қалаулылары үшін Астана қ. Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов дайындаған екінші баяндама коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаж азаматтар санаттарының тізімінен басталды. Осындай бес бөлек тізімді тұрғын үй заңнамасына сай «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» жүргізеді. Бұл тізімге Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік аз қорғалған топтары, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме жұмысшылары, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен мемлекеттік сайланған лауазымда отырған тұлғалар, бір ғана тұрғын үйі апатты деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтары кіреді. Руслан Ахметовтың сөзінше, бүгінгі күнде коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алуға мұқтаждардың кезектері 42 мыңнан астамды құрайды. 2015 жылы әкімшіліктің кезектегілерін тұрғын үймен қамтамасыз етуі үшін - 373 пәтер, ағымдағы жылдың өткен уақытында 93 пәтер берілді.
- Бірақ бұл кесімді сан емес, жыл сайын 2020 жылға дейін Аймақтардың даму бағдарламасы аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтау банк» АҚ желісі бойынша тұрғын үй», «Қазақстандық ипотекалық компания ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша коммуналдық тұрғын үй қорында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұратын азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылады, - деді басқарма басшысы. Депутаттарды қолданыстағы бағдарламалар қызықтырды және Руслан Ахметов әр бағдарламаның шарттары туралы нақты әңгімеледі. Апаттық тұрғын үйлерге қатысты айтсақ, оның сөзі бойынша, бүгіндері жаңа абаттандырылған пәтерлерге 117 апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары көшірілген. Сонымен қатар, 2017 жылдың аяғына дейін көшірілетін 111 апаттық жағдайда болып жатқан үйлердің тұрғындары көшірудің жоспарланып жатқан мерзімдері жайлы хабарландырылған.
- Астанада бүгіндері апаттық жағдайға ұшыраған тұрғын үйлерді бұзу бойынша жоба әрекет етіп жатыр, - деді ол, - тұрғындарға бұзылатын үйлердің орнына жаңа бірдей құндағы пәтерлерді ұсыну мөлшерлерде жүзеге асырылып жатыр. 1940-дан 1970 жылға дейін салынған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің тозу пайызы бар құрылыстарды бұзу жүзеге асырылып жатыр, - деп хабарлады Руслан Ахметов.
Халық қалаулыларының қоятын сұрақтары көп болды, өйткені, депутаттардың сөзі бойынша, сайлаушылардың жүгінулерінің көбісі тұрғын үй мәселелеріне қатысты.
Депутат күніне Астана қаласының маслихат хатшысы Нұрпиисов Ж.Г., басқарма басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.