Жол картасы бойынша жұмыс
23.12.2016
Астана мәслихатында жаппай тыңдаулар өтті, оның барысында «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде астанада жұмыссыздықты төмендету бойынша жұмыс нәтижелері қарастырылды.
Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру қорытындыларын қаланың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а. Артем Абильдинов жария етті.
Ол, 2016 жылы «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы Астанада екі бағыт бойынша жүзеге асырылатынын атап өтті: «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» және «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және көшіру арқылы жұмысқа орналасуда қолдау көрсету».
Қаланың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының деректері бойынша, 2016 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бағдарламаның 4926 қатысушысы жұмысқа тұрған, оның ішінде тұрақты жұмысқа - 3554 адам, жастар тәжірибесіне - 661 адам, инфрақұрылымдық жобалар шеңберінде - 590 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына - 121 адам орналасты.
- Бағдарламаны іске асыру тиімділігін жақсарту мақсатында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Осы жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 239 жарияланым шығарылды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы азаматтардың көп жиналған жерлерінде түсіндіру жұмыстарын өткізеді, сондай-ақ тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырады, - деп айтады жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының м.а.
Жылдың басынан халықты жұмысқа орналастыруға көмектесу үшін 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша, әйелдер мен жастарға арналған нысаналы жәрмеңкелер, сондай-ақ қаланың оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша жәрмеңкелер ұйымдастырылды, - деп атап өтті баяндамашы.
Қаланың бес сауда орталығында Жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері ашылған, оның мамандары азаматтарға жұмысқа орналасу мсәлелері бойынша кеңес береді. Ізденушілер үшін ақпарат «CZ Astana» мобильдік қосымшасы арқылы таратылады.
Халықты жұмысқа орналастыруда қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені арқасында астанада жұмыссыздық деңгейі төмендетілді.
- Астанадағы жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 0,3%-ға төмен. Астана – республика бойынша жұмыссыздық деңгейі ең төмен өңір, - деді баяндамашы.
Өз бетімен жұмыспен қамтылған жұмыссыз халықты және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды мемлекеттік қолдау бойынша бағдарламаны іске асыру келесі жылы жалғастырылатын болады.
Сұрақты талқылауға депутаттар Р.Ф.Умербаева, Г.К.Касенов, А.Ф.Ким, А.Б.Аюпов, З.С.Гаипов қатысты, олар басқармамен заңнамалық қатынастарды бұзушылықты анықтау мақсатында құрылыс объектілері бойынша рейдтер жүргізілмейтінін, жұмыспен қамту Орталығында жұмысқа орналасуға жолдама алған адамның тағдыры әрі қарай бақыланбайтынын, және бұл кәсіпорындармен кері байланыстың жоқ екенін көрсететінін атап өтті. Және де, депутаттар оқу орындарымен байланыс, кәсіби бағытты, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру сұрақтарын да көтерді, қалада кәсіби бағытты бірыңғай орталық ашу ұсынылды. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының қабылданған қаулысында аталған жұмысты жақсарту және жұмыстың жаңа формаларын енгізу бойынша ұсыныстар берілді.
Жаппай тыңдауларға мәслихат хатшысы Ж.Г.Нұрпейісов, қалалық мекемелер басшылары, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.