Астана тұрғындары үшін жайлылық
26.12.2016
Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар қаланы өмір сүруге жайлы ету сұрақтарын қарастырды. Бұл сұрақтарды шешу Астана мәслихатының 14-кезектен тыс сессиясына талқылауға шығарылды.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айжан Түгелбаеваның айтуынша, Астананы заманауи қалаға айналдыру бірнеше мақсаттармен көзделген. Мысалы, азаматтардың жайлылығын арттыру үшін астанада қоғамдық кеңістікті, жүргіншілер, велосипед тебушілер мен қоғамдық көліктің қозғалыс аймақтарын дамыту жолымен қалалық ортаны трансформациялау, сондай-ақ баспана мен комуналдық қызметтердің қолжетімділігін арттыру ойластырылған.
Басқаша айтқанда, кәсіпкерлік өркендеген қалада инновациялар енгізілуде, мәдениет және туристік орталық дамуда – тап осы бес басымды құрамдастардан астананың 2016-2020 жылдарға арналған даму Бағдарламасы қалыптастырылатын болады. Оның сөзі бойынша, әлеуметтік-экономикалық бағытталған, мәдени және креативті қаланың негізгі басымдықтары білім, денсаулық сақтау, халықаралық деңгейдегі әлеуметтік қызметтерді ұсынудың қолжетімділігі және Астананың мәдени-спорттық шараларды өткізу орталығы ретінде қалыптасуы болып табылады. Білім саласын дамыту балабақшаларға кезектерді жою, мектептердегі аса тығыздалуды төмендету, білім беру жүйесінде электрондық жүйені енгізу, оқыту сапасын арттыру және «жекеше білім беру жүйесі» типтегі мекемелерді көбейту сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады. Айжан Түгелбаева атап өткендей, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған мектептерді енгізуді ескерумен, инклюзивті біліммен оқушылар тобын қамту көрсеткіші 31,5-тен 52 пайызға дейін артатын болады. Халықаралық стандарттарды енгізумен сапасы жоғары медициналық көмек көрсетіліп, жедел көмектің 7 минутқа дейін келуіне қол жетеді, сондай-ақ отбасылық амбулаториялардың 10 минуттық қолжетімділігі іске асады, біріккен coll-орталық құрылып, пациенттің электрондық картасын енгізу мүмкін болады.
Астананы қауіпсіз қалаға айналдыру үшін «Smart-city» – қауіпсіздік мониторингі және бақылаудың кешенді жүйесін іске асыру көзделген. Бұл жолдардарғы апаттылықты 40 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Түпкілікті нәтиже ретінде 2020 жылға қарай қала аумағында 50 қоғамдық кеңістік құру, қоғамдық көлікті пайдаланатын халықтың үлесін 45 пайызға дейін арттыру, коммуналдық желілердегі залалды 10 пайызға дейін төмендету, сондай-ақ 2020 жылға қарай жалпы деңгейі бір адамға шаққанда 27,5-тен 32 шаршы метрге дейін қайта қаралған, халықты меншік тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.
Жағымды экологиялық орта құру бойынша, осы уақытқа қарай жасыл екпелер алаңының бір адамға шаққандағы индикаторын 18 шаршы метрге дейін ұлғайту, ал мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейін 96 пайызға дейін арттыру көзделген. Қарастыру қорытындылары бойынша даму Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген бастамаларды іске асыруға және KPI индикаторларына қол жеткізуге бағытталған, нақты егжей-тегжей іс-шаралар көзделетін болады.
Депутаттар коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Төлеген Закарьяновпен ұсынылған, Астана қаласының аумағын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Ережелерін үлкен қызығушылықпен талқылады. Ережелер жобасын талқылау барысында қалалық мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы сұрақтары бойынша тұрақты комиссиясында депутаттар ескертулер мен ұсыныстар айтты. Осыларды ескере отырып, депутаттар Типтік ережелер негізінде әзірленген, Астана қаласының аумағын абаттандыру, жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау Ережелерін мақұлдады және оны мәслихат сессиясының қарауына шығарды.
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес, Бақытжан Малыбаев Астана қаласының ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің есептілік кезеңдегі жұмысы туралы есеп ұсынды. Талқылау барысында депутаттар Р.Ф.Умербаева, А.Б.Аюпов, З.Г.Жусупова, М.Е.Шекенов автокөліктерді оқу мекемелерінің жанында қою, мектеп және ювеналдық полиция инспекторларының жұмысы, астана аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрақтарын көтерді.
Және де, депутаттар жер учаскелерін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті мемлекеттік мұқтаждықтар үшін сатып алу туралы шарттар жобаларын келісу, «Астана қаласы бойынша ревизиялық комиссия» мемлекеттік мекемесінің «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау, «Астана қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәліктерін беру Ережелерін және оның суреттемесін бекіту, Астана қаласының "Recommended by EXPO-2017" серіктестік Бағдарламасына қатысушыларды іріктеу бойынша комиссия құрамын бекіту сұрақтарын талқылады және кезектен тыс сессияға шығарды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына Ж.Г.Нұрпейісов – Астана қаласы мәслихатының хатшысы, қаланың басқармалар мен департаменттерінің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.